Қарттарға құрмет көрсетілді

Әлеумет
04.10.2016, 18:21
Халықаралық қарттар күніне орай Маңғыстау темір жол мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы Маңғышлақ станциясындағы «Жеңіс» мейрамханасына  100-ге тарта темір жол зейнеткерін шақырып, ақ дастарқан жайды. Қонақтар мерекелік дастарқаннан дәм татып, игі істі ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов, Маңғыстау темір жол бөлімшесінің бас ревизоры Болат Дүйсәлиев ардагерлерге жылы лебіздерін білдірді. ─ Қарап отырсам, абыз қариялардың бірі келместің кемесіне мініп кетсе, енді бірі, шүкір, қасымызда отыр. «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» демекші,  балаларыңыз бен немере, шөберелеріңіздің қызығын көріп, алып бәйтеректей жайқала беріңіздер. Аман болыңыздар, сіздер салған сара жолды біздер жалғап, біздің ізімізді өскелең ұрпақ басып, елімізге еңбек етіп, дамуына үлес қоса берейік, – деген Нәжімеден Бақтығалиұлының сөзінен кейін Маңғыстау аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Амандық Алдабергенов сөйледі.   ─ «Көңіл көңілден су ішеді» деген  керемет бір сөз бар. Бес күндік жалған өмірде қартайғанда адамға ең керегі көңіл деп білемін. Біз асарымызды асадық, жасарымызды жасадық. Жасы ұлғайған біз сияқты қарттарға жылы қабақ пен бір ауыз ілтипатты сөз жетіп жатыр. Ал сендер құрақ ұшып, құрмет көрсетіп, кішілік танытып жатырсыздар, қазақтың осы бір қаймағы бұзылмаған ізеттілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тапсын деген бір тілек бар, – деп лебізін білдірген ардагер    Маңғыстау темір жолында 700-ге жуық ардагер теміржолшы, оның ішінде 1 соғыс ардагері, 5 тыл ардагері бар екенін жеткізді. Ал бүгінде зейнеттегі Құрметті теміржолшы Қожахмет Уәзір  Қазақстан темір жолының ұжымдық шартында теміржолшы зейнеткерлер назардан тыс қалмағанын, түрлі жеңілдіктер қарастырылғанын, бұл да болса, жұмыс беруші компанияның сала қызметкерлеріне, олардың ертеңіне бей-жай қарамай, қолдан келгенше көмегін беретін салиқалы саясатты ұсынған байсалды Компания екенін еске салып өтті. 

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Жолаушылар тасымалы
26.05.2026
Жазғы демалыс кезеңінде 15 қосымша пойыз жолға шығады
Аймақтар
26.05.2026
Шекарамаңы ынтымақтастығы нығаюда
Аймақтар
26.05.2026
Темір жолдың жаңаруы – өңірдің дамуы
Аймақтар
26.05.2026
Қауіпсіздік пен сапаның жаңа стандарты
Қауіпсіздік
26.05.2026
Атыраулық теміржолшылар темір жол бойындағы өртті ауыздықтады
Аймақтар
26.05.2026
Мамандық таңдау – маңызды іс
Инфрақұрылым
26.05.2026
Ақсу – Жаңа-Семей учаскесінде жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Жаңалықтар
26.05.2026
Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтті
Спорт
26.05.2026
Семейде теміржолшылар арасында тұңғыш рет садақ ату турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
26.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №40 26 мамыр 2026 жыл
Инфрақұрылым
25.05.2026
«Мойынты – Қызылжар» теміржол желісінің құрылысы тәулік бойы жүргізілуде
Жаңалықтар
25.05.2026
ҚТЖ: бағыт – айқын, мақсат – анық
Жаңалықтар
25.05.2026
ҚТЖ машинистері жыл басынан бері теміржол өткелдерінде 20 ЖКО алдын алды
Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Жазда пойызбен қайда баруға болады: Қазақстан бойынша танымал бағыттар
Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Биыл 28 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы билет рәсімдеді
Жаңалықтар
25.05.2026
Қазақстан Калифорнияда Транскаспий дәлізінің мүмкіндіктерін таныстырды
Әлемде
25.05.2026
Пәкістанда жолаушылар пойызы жарылып, 20 адам қаза тапты
Жаңалықтар
23.05.2026
ҚТЖ орталық аппараты қызметкерлеріне жолды жаңғыртудың заманауи технологиялары көрсетілді
Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады