Үстіміздегі жылдың он айында Қазақстан аумағы арқылы өткен жалпы транзиттік жүк көлемі 19,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 3,7% жоғары болып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz. Соның ішінде теміржол көлігімен өткен транзит 17,2 млн тоннаны құрапты. Ал транзитті автокөлікпен тасымал қаңтар-қазан аралығында 2,3 млн тоннаны құрап, 2020 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда, 38,5% өскен. Контейнерлік тасымалдың жалпы көлеміне келсек, биылғы он айдағы көрсеткіш 883,2 мың ЖФЭ-ні құрап, былтырғыға қарағанда 25% артық шыққан. Әсіресе, тасымал көлемінің Қытай – Еуропа – Қытай бағытында 36,4% өсіп, 604,5 мың ЖФЭ-ні құрап отырғаны байқалады.