Астана станциясы терминалында («Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Кедентранссервис» АҚ басқармасында) 1000-шы контейнерлік пойыз тиелді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бұл елеулі өндірістік көрсеткіш елордалық логистикалық тораптың өсіп келе жатқан рөлін және тасымалдау процесін ұйымдастырудың тиімділігін растайды.
Терминал халықаралық транзиттік тасымалдарға қызмет көрсетеді және Қытай – Қазақстан – Ресей – Беларусь – Еуропа бағытында жүк ағындарын қайта бөледі. Құрамдардың уақтылы жүктелуі ҚТЖ желісі бойынша вагондардың бос жүрісін қысқартады, инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттырады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтеді.