Жүк тиеу көрсеткішін «Қазфосфат» пен «Еврохим» арттырды

Жүк тасымалы
28.01.2022, 16:18
Оқуға 3 мин
Асхат Райқұл

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі өткен жылы 144 690 вагонға 9 564 000 тонна жүк артқан. Демек, тәулігіне 396 вагонға 9 564 тонна жүк тиеліпті. Бұл жоспарлы міндеттеменің 100,5 пайызға орындалғанын көрсетеді. Яғни, жүк тиеу жоспары 53 131 тоннаға артық деген сөз.

 Бұл туралы бөлімшенің директоры міндетін уақытша атқарушы Дүйсенбек Сыдықов айтып берді. Оның мәліметінше, былтырғы жүк тиеу көлемін 2020 жылмен салыстырғанда да өсім бар, нақтылай айтқанда, 8 707 вагон немесе 600 657 тонна көп.

«Есепті кезеңдегі жүк тиеу көрсеткіштерін жекелей тізбектейтін болсақ, тас көмірдің көлемі 123,3 мың тоннаға, мұнай – 71,4 мың тоннаға, қара металл – 9 мың тоннаға, металл конструкциялары – 0,4 мың тоннаға, металл сынықтары – 17,1 мың тоннаға, хими- каттар – 11,9 мың тоннаға, өнеркәсіптік шикізат 3,7 мың тоннаға ұлғайғанын аңғарамыз. Сонымен қатар граншлак – 54,6 мың тоннаға, астық – 3,7 мың тоннаға, ұн – 0,1 мың тоннаға, контейнерлердегі жүктер 4,4 мың тоннаға артық тиелген», – деп толықтырды Дүйсенбек Тұрғынбайұлы.

  Былтыр экспорттық тауарлар 1 719,6 мың тонна болыпты, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 612,3 мың тоннаға немесе 145,3 пай- ызға өскен. Бұл «Қазфосфат» ЖШС-ның сары фосфоры мен аммофосты, «Еврохим Қара- тау химиялық тыңайтқышы» ЖШС мен «ТМЗ» ЖШС-ның ферроқорытпа шығаратын өнімдері көлемінің артуы есебінен мүмкін болған. Бөлімше басшысы өткен жылы автомобиль көлігінен теміржол көлігіне 150 вагон немесе 9 000 тонна жүк тартылғанын атап өтті. Ал тасымалданатын жүктерден түскен табыс 22 млн 500 мың теңгені құраған. Тек «КТТ» АҚ-ның 50 368 вагонына жүк артылған. Д.Сыдықов бөлімшенің осы жылғы жоспарларымен де бөлісті. Айталық, «Еврохим Қаратау» ЖШС индустриялық аймақтарын дамыта отырып, шығарылатын өнім көлемін ұлғайту есебінен жүктерді тиеуді 2 пайызға, оның ішінде экспорттық қатынасты 1 пайызға ұлғайту көзделіп отыр екен. Мұнда тыңайтқыштар тасымалы шамамен 43,9 мың тоннаға арта түседі.

«Сонымен қатар «ЖЦПК» ЖШС цементін – 75,2 мың тоннаға, «Қазфосфат» ЖШС химиялық тыңайтқыштарын – 290,7 мың тоннаға, «Кнауф гипс» ЖШС гипстерін – 44,9 мың тоннаға; «Балқаштүстімет» ӨБ түсті кенін 16,5 мың тоннаға көбірек тиемекпіз», – деді ол.

«КТТ» АҚ вагон паркінің жалпы тиеу үлесін 65 пайызға дейін арттыру да жоспарда бар. Ауыр салмақты және рейстік қозғалыс үлесін 0,6 пайызға, қозғалыстың нормативтік графигі мен пойыздарды қалыптастыру жоспарының рөлін кеңейтіп, пойыздар қозғалысының нұсқалық кестесін 0,1 пайызға сақтау сынды перспективалар да жіті назарға алынады.

«Шығындарды қысқарту жөніндегі іс-шаралар мен бағдарламаларды әзірлеу және енгізу жолымен қызметтің тиімділігін ретке келтіреміз. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ішкі жергілікті нор- мативтік-техникалық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіреміз», – деді жауапты маман.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды