Ел аумағы арқыры Түркіменстаннан Қытайға контейнерлік пойыз жүре бастады

Жүк тасымалы
15.03.2022, 09:02
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жуырда Қазақстан аумағы арқылы Түркіменстанның Ақайла станциясынан Қытайдың Цзиньхуа станциясына 40 футтық 42 контейнерден тұратын бірінші құрлықтық контейнерлік пойыздың транзиттік жөнелтілімі ұйымдастырылды.

Гипс тиелген контейнерлік пойызды Түркіменстаннан Қазақстан аумағы арқылы жөнелтуді «KTZ Express» АҚ және «Түркіменстанның көлік-логистикалық орталығы» ААҚ бірлесіп жүзеге асыруда. Түркіменстан мен Қазақстан бойынша пойыз бағдарының ұзындығы 4150 км құраса, соның 3450 шақырымы Қазақстан аумағына тиесілі болып отыр. Яғни, маршруттың 80 пайызға жуығы Қазақстан темір жолы арқылы өтеді. Қазіргі таңда алғашқы құрлықтық контейнерлік пойыз Болашақ мемлекетаралық шекаралық станциясы арқылы Қазақстан аумағына келді, енді ол Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы Қытайға, одан әрі қарай Цзиньхуа станциясына жөнелтілмек.

«KTZ Express» АҚ-ның «KTZE-Батыс» филиалының жұмыла жүргізген сауатты жұмысының арқасында құрлықтық контейнерлік пойыз Болашақ станциясында сәтті қабылданып, оның еліміздің аумағы арқылы еш кедергісіз жүріп өтуі жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. Мамандардың айтуынша, пойыздың Қазақстан темір жолы арқылы жүрісі бес күнді құрайды. Экономикалық тұрғыдан өте тиімді бұл бағдарды пайдалану Түркіменстан мен Қазақстанның теміржол әкімшіліктерінің ынтымақтастығын дамытуға ықпал етері сөзсіз. «KTZ Express» АҚ мамандары келешекте осы бағдар арқылы контейнерлік жүк ағынын ұлғайту және де көліктік-логистикалық нарықтың жаңа қатысушыларын тарта отырып, контейнерлік пойыздың тұрақты қатынасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды