Шығыста вагон тапшылығын тудырмау мәселесі өзекті

Жүк тасымалы
01.04.2022, 11:53
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыста жүк тасымалын арттыру, жоспарлы шараларды мерзімінен кешіктірмей орындау бойынша бірінші кезекте вагон шаруашылығына қатысты мәселелерді реттеу қажеттілігі туындап отыр.

Алғашқы тоқсанның көрсеткіштеріне сүйенсек, жүк айналымын үзіліссіз жүргізу шаралары вагон айналымына тікелей қатысты болып отыр. Мәселен, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда жергілікті жүк айналымын қамтамасыз етудегі қажеттілік орта есеппен алғанда 164 вагонға артқан. Оның өзі – Жаңа-Семей станциясындағы ішінара орын алатын баяу жүк тиеу процестері мен босаған вагондарды жіберуді кешіктіретін «Жылукоммунэнерго» ЖШС тәрізді мекемелердің сылбырлығын қоса алғандағы көрсеткіш. Яғни, мамандардың айтуынша, егер жүк станцияларындағы операциялар саны артатын болса, вагон тапшылығы айқын сезілуі мүмкін. Мәселен, өткен бір айдың ішінде Семей өңірінде берілген жоспар бойынша 16740 вагонға жүк тиеу қажет болған болса, нақты іс жүзінде 17002 вагон пайдаланылған. Әрі бұл көрсеткіш ай сайын өсу үстінде...

Жалпы бөлімше бойынша, әсіресе көмір жөнелтуде вагондардың қажеттілігі соңғы уақыттарда біршама өткір сезіліп отыр.

– Бір жүк операциясы кезіндегі уақыт жылдамдатылған. Яғни, аталмыш шараны жүзеге асыруға техникалық жоспар бойынша тәулігіне 22,71 сағат берілсе, оның орындалуы 17,66 сағатқа тең болып отыр. Яғни, процесс барысы 128,6 пайызға жылдамдатылған. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен анағұрлым жоғары болып отыр, – дейді бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімі мамандары.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта транзиттік пойыздарды техникалық станцияларда кідіртпей жөнелту ісі де оң көрініс табуда. Осының барлығы бөлімше бойынша вагон айналымын нақты жоспар аясында жүргізуге мәжбүрлеуде. Яғни, бұл техникалық жылдамдықты реттеу, жергілікті вагон айналымын қайта қарастыру сынды шараларға нақты өзгерістер енгізуді де талап етуде. Дегенмен қазіргі таңда шығыстағы теміржолшылар негізгі күшті босаған вагондарды уақытында жинап алуға, жүк пойыздарын жылдам құрастырып, жолға шығаруға, станциялар басында іркіліс туғызбау үшін транзиттік пойыздарды кедергісіз өткізуге күш салуда. Мұның барлығы таяу аралықта туындауы мүмкін вагон тапшылығын болдырмауға елеулі септігін тигізеді.

Вагон шаруашылығы бойынша биылғы жылдың алғашқы тоқсанында орын алған кейбір жайттар аса алаңдаушылық туғыза қоймағанымен, семейлік теміржолшылар ондай олқылықтарды алдағы уақытта болдырмауға күш салуда. Мысалы, өткен жылдың соңында көршілес бөлімшелердің кейбір жылжымалы құрамдарды қабылдамауы бірқатар келеңсіздік туғызған.

Вагон тапшылығын болдырмау, жүк пойыздарын жылдам құрастыруда көп мәселе іргелес бөлімшелерге, көмірге тапсырыс берген іргелі жылу орталықтарына да байланысты. Алайда, қазіргі таңда шығыстағы теміржолшылар мен вагон шаруашылығының мамандары ертеңге оптимистік көзқараста, биылғы жылы техникалық көрсеткіштерді арттыруға мүдделі.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды