Батыстағы автожолдарды салуға 3 мың вагон жұмылдырылған

Жүк тасымалы
17.06.2022, 09:35
Оқуға 1 мин
Фото: Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ автожолдың құрылыс жұмыстарына арналған жүк тасымалын ерекше бақылауда ұстап отыр. Осы мақсатта Батыс өңіріне қиыршық тасты тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚ паркінің 3 000 ашық вагоны жұмылдырылған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Вагондар айналымын жеделдету үшін Бершүгір-Орал, Кардон, Темір, Сайқын, Жәнібек учаскелері бойынша және Мұғалжар-Ноғайты, Бестамақ бағыттары бойынша тиеу-түсіру пункттерін жалғайтын 11 айналма маршрут, яғни жылжымалы құрамның тұйық контуры бойынша жүруі ұйымдастырылды. Вагондарды жылжыту, вагондарды кірме және станциялық жолдарға уақытылы жеткізу, беру, қою және жинау бойынша тәуліктік бақылау орнатылды.

Үйілме жүктерді тасымалдау бойынша өзекті мәселелерді жедел шешу үшін апта сайын жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдерімен бейнеконференцбайланыс арқылы жиындар өткізіліп тұрады. Бұл басқосуларда қиыршық тасты тасымалдаудың жоспарланған көлемін орындау, «Қазтеміртранс» АҚ паркін ұтымды пайдалану, тасымалдаудың технологиялық және техникалық процестері мәселелері талқыланады.

Батыс Қазақстан облысының автожолдарын салу және күрделі жөндеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде автожол саласының объектілеріне, сәуір және мамыр айларында темір жол көлігімен 410 мың тоннадан астам қиыршық тас тасымалданды. Маусым айында жүк жөнелтушілер 240 мың тоннадан астам жүк тасымалдауға өтініш берген болатын. Жүк жөнелтушілердің барлық өтінімдері толық көлемде орындалуда.

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде