Семейлік теміржолшылар өңірге 354,3 мың тонна көмір жеткізді

Жүк тасымалы
06.09.2022, 09:47
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар күзгі көмір тасымалына ден қоюда. Қыркүйек айының басынан тұтынушылар тарапынан сұраныс күрт артқан. Оған жергілікті атқарушы биліктің қатты отынды ерте қамдау керектігі туралы ескертуі мен «көмір бағасы көтеріледі екен» деген ел арасындағы алыпқашпа әңгіме де себеп болуда.

Бүгінгі таңда аймақ тұрғындары үшін жалпы көлемі 354,3 мың тонна көмір жеткізілген. Әйтсе де, Семей мен Защита және Аягөз станцияларына қарасты көмір тұйықтарында қарбалас байқалады. Сол себептен де семейлік теміржолшылар көмір саудалаушы жеке серіктестіктермен, әкімдіктермен бірлесіп жан-жақты жұмыс жүргізуде. Бұл орайда өңірдегі барлық әлеуметтік нысандар мен білім беру мекемелері 100 пайызға, ал денсаулық сақтау нысандары 98 пайызға көмірмен қамтылған. Сұраныс тек жеке сектор тарапынан артуда.  

Семей ЖТ бөлімшесі басшысы Владимир Бабиченконың қадағалауымен вагондарды уақытында жинап алу, бос вагондардың кіреберіс жолдарда тұрып қалуына жол бермеу, сондай-ақ, іргелес елдерден келген вагондардың станция басында кептеліс тудырмай дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ету мәселелері басымды орынға қойылған.  

Сол тәрізді аймақтағы ірі қазандықтар мен жылу электр станцияларының қатты отынмен қамтылу деңгейі – 61%, шағын қазандықтар 81%-ды құрап отыр. Жалпы, қазіргі таңда тұрғындарға алғашқы қара суық түскен кезде дүрбелеңге түспес үшін көмірді қазірден бастап алуға кеңес берілуде.

– Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты барлық теміржол тұйықтарында 13,7 мың тоннадан астам көмір бар. Оның ішінде Өскемен қаласында – 5,5 мың тонна, Риддер қаласында – 4,8 мың тонна, Глубокое ауданында – 600 тонна, Алтай ауданында – 2,6 мың тонна, Шемонаиха ауданында – 210 тонна. Бюджеттік ұйымдар 39,6 мың тонна көмірмен қамтамасыз етілген, – дейді бұл орайда бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандары.  

Қазіргі күнгі көрсеткіш бойынша көмір тұйықтарына тәулігіне   орта есеппен алғанда 15-20 вагон көмір жеткізіледі екен. Әйтсе де, алдағы уақыттарда Семей, Өскемен, Шар мен Аягөз қалалары бойынша оның санын арттыру көзделіп отыр.  

Соңғы айдағы көрсеткіштерге сүйенсек, бөлімше бойынша көмір тасымалының анағұрлым артқаны байқалады. Көмір тасымалында кестеден ауытқу жоқ және тосын кедергілер туындамаған. Вагондар жетіспеушілігін шешу мақсатында алдын ала іс-шаралар қабылданған. Сол себептен де Дегелең станциясы мен Жаңа-Семей жүк станциясындағы жұмыс барысы мейлінше ширатылуда. Қазіргі таңда екі станция аралығында тәулік сайын салмағы 6 200 тонналық 63 вагоннан тұратын жылжымалы құрамдар жолға шығарылуда. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш біршама артуы мүмкін. Теміржолшылар кез келген тосыннан қабылданатын шараларға дайын отыр.  

Жалпы, семейлік теміржолшылар үшін меже – алдағы екі жылда 10 млн тонна көмір тиеп жөнелтуге қол жеткізу болып отыр.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды