Қызылорда станциясы жүк тиеуді межеден артық орындады

Жүк тасымалы
16.09.2022, 10:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Орынбор-Ташкент магистралінің бойында жатқан Қызылорда станциясы батысқа ашылған қақпа сынды. Оңтүстіктен батысқа және кері қарай бір ғасыр бойы үздіксіз жөңкілген пойыздар легі бүгінде артпаса, толастаған емес.

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып өндірістік жұмыс көрсеткіштерінің орындалуын басты назарда ұстайтын қызылордалық теміржолшылардың биылғы табысы жаман емес. Өндірістік жұмыс көрсеткіштері 103,45-147,98 пайыз аралығында орындалған. Қызылорда станциясынан жыл басынан бері 1602 вагонға 102592 тонна жүк тиеліп, жоспар 139,18 пайызды құраған.  

– Жалпы, теміржолдың жұмысы – көрінбейтін шынжырмен байланғандай, біріне-бірі тығыз байланысты құбылыс. Тасымалдау процесіне қатысатын барлық сала  бір ырғақта жұмыс істеу керек, алда-жалда біреуі істен шығып, немесе регламенттен кешіктірілуі бүкіл қозғалысқа кері әсер етеді, бір-біріне тәуелді. Сондықтан табыс та ортақ. Демек, қол жеткізіп отырған жетістіктерде тек станциялықтардың ғана емес, салалас қызметтердің де – жолшылар, байланысшылар, локомотившілер мен вагоншылардың да үлесі бар деген сөз, – дейді Қызылорда станциясы бастығының орынбасары Әмір Матжанов.  

Пандемиялық шектеулердің тыйылуына байланысты аймақ кәсіпкерлерінен тапсырыс артып, транзиттен бөлек теміржолшылар үшін жергілікті жүк көлемі де көбейген. Мәселен, биыл 1211 вагонға жүк тиеу көрсеткіші 1602 вагонға жеткізілсе, 5650 вагоннан жүк түсіру көрсеткіші 6503 вагонды құрап, меже айтарлықтай асыра орындалған.  

Жыл басынан бері пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына, тосын жағдайлардың орын алуына жол берілмеген. Қызылорда станциясының ұжымы осы қарқындарын жоғалтпай, биылғы жылды табысты қорытындылаудан үмітті. Еңбек өтілдері бірнеше онжылдықты құрайтын станция кезекшісі Рүстем Құрманғалиев, маневр диспетчері Ғалымжан Әбіш, пойыз құрастырушы Ақылбек Палманов, аға жүк қабылдап-тапсырушы Жәнібек Қалниязов сынды майталман теміржолшылары бар ұжым үшін бұл алынбайтын асу емес.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды