Достық терминалы Қытайдан Еуропаға екі есе көп жүк жөнелте бастады

Жүк тасымалы
20.10.2022, 09:25
Оқуға 2 мин

Қытай-Еуропа бағытында жүк тасымалы қарқынды дамып келеді. Оған аспан асты елімен шекарада орналасқан "Dostyk Trans Terminal" серіктестігі де зор үлес қосып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Заманауи инфрақұрылым, автоматтандырылған жүйе, жаңа техника. Жабдықталған "Dostyk TransTerminal" компаниясы аз уақытта әлемдік нарыққа шығып үлгерді. Қытайдан тиелген жүк тар табанды жол пойызы арқылы Қазақстан шекарасына өтіп, кейін кең жолтабанға ауыстырылады. Осылайша, көршілерімізден бөлек алыс Еуропа елдеріне жол тартады.  

"Жоба 4 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі өткен жылы мамыр да іске қосылды. Қазанда екіншісіне аяқ бастық. Бастапқы жылдық қуаты 100 мың контейнер, бұл дегеніміз күніне 7-8 пойызды тиеп, жөнелту болатын. Ал қазір біз жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Күніне  12-14 пойызға дейін қабылдап, жылына 200 мың контейнерге қызмет көрсете алатындай әлеуетіміз бар", – дейді "Dostyk trans terminal" ЖШС Бас директоры Бауыржан Дүзбаев.

Достықтағы терминалға келетін жолдар негізгі магистральдан дербес орналасқан. Бұл уақыт үнемдеуге таптырмас мүмкіндік. Осындай нәтижеге жету үшін 13 шақырым жаңа жолторап салынды. Қазір терминалдың аумағы кеңейгенімен жүкті тиеп-түсіруде аса қиындық жоқ. Өйткені жұмыс толық автоматтандырылған. Барлығы бір ғана планшетпен басқарылады.  

"Менің міндетім жүкті тиеу, диспечер планшетімізге тастайды қай контейнер қай фитингіге тиелетінін тастайды. Біз сол арқылы диспечермен тікелей жұмыс жасаймыз. өте жеңіл, біз көп іздемейміз, осы арқылы бәрін тауып аламыз. Қағаз жүзінде басқа жүзінде қарағанда осы планшетпен тез жүйе", – дейді  жүк тиеу операторы Жандос Нұрмұхамедов.

Кедендік бақылау аумағында жазғы уақытта 1 500, қыс мезгілінде 1 000 контейнер сақталады. Ал Терминалдың үшінші кезеңі жұмысын бастағанда жүктерді сақтау көлемі әлдеқайда өспек.  

"Басқа терминалдарға қарағандағы біздің үстемділік – мысалы құжаттар берілген кезде әрбір контейнердің ерекше, айрықша қосымашалары болады. Мысалға, тез бүлінетін тағам десе, бізде соларға арналған эстакадалар бар. Ол респрежаторлық контейнерерді тоққа қосады. Тапсырыс бойынша, ол контейнерлерді қабылдап алып, ақауларын тексеріп, одан кейін тоққа қосамыз. Одан бөлек біздің артықшылығымыз, пойызды түгел қабылдаймыз", – дейді "Dostyk trans terminal" ЖШС Бас инженері Жаннұр Сматаев.

Достық стансасында бұдан өзге мұндай 3 логистикалық терминал бар. Бірақ бірде-бірінің "Dostyk trans terminal" сынды пойызды толық құрамда қабылдауға әлеуеті жетпейді.

Айтпақшы, компания тағы да 2 жүк көтеру техникасын сатып алған. 2025 жылы кеңею кезеңінің 3-бөлігі аяқталса, серіктестік жылына 400 мың контейнерге дейін жүк тасымалдамақ.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды