Қазанда 1 млн тонна астық тасымалданды

Жүк тасымалы
01.11.2022, 11:48
Оқуға 1 мин
©Rail-news.kz

Осы жылдың қазанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 1,5 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн тиелсе, оның 1,2 млн тоннасы   экспорттық қатынаста, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Астық тиеу 1 млн тоннадан асып, 2021 жылға қарағанда 26%-ке өсті. Экспортқа 800 мың тоннадан астам жөнелтілсе, бұл өткен жылғы деңгейден 41%-ке жоғары. Ұнтақ өнімдерін (ұн) тиеу көлемі 32%-ке, 313 мың тоннаға дейін ұлғайды. Өткен жылға қарағанда экспорттық жөнелту 75%-ке, яғни 247 мың тоннаға дейін өсті.  

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін үздіксіз тасымалдау бекітілген маршрут бойынша жүк пойыздарының тұрақты қозғалысын ұйымдастырудың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл жүктерді жөнелту пунктінен межелі жеріне дейін жеткізуге мүмкіндік беріп, тасымалдау уақытын едәуір қысқартты. Қазан айында астық жүктері бар 181 маршрут құрылып, жөнелтілді. Оның 26-сы ұн, 155-і астық. Ұйымдастырылған маршруттардың орташа жүру жылдамдығы тәулігіне 670 км құрады.

ҚТЖ орталық аппаратында астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды үйлестіру және ұйымдастыру жөніндегі штаб тәулік бойы жұмыс істеуде. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өңірлік филиалдарында вагондардың қозғалысын ұйымдастыру және жөнелтілімдерді маршруттау мәселелері бойынша жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылған.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды