Кірме жолдар қашан түзеледі?

Жүк тасымалы
08.11.2022, 09:48
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде теміржолшылар мен теміржол тармақтарын пайдаланушы кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиынға аймақтағы станция басшылары мен кірме жолдарды пайдаланушы жүзге жуық кәсіпкер қатысты.

Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, көлік прокуратурасы көліктік бақылау инспекциясының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері арнайы шақырылған жиын барысында бас ревизор Жәнібек Көбеев аймақтағы кірме жолдар мен ондағы бағыттамалы бұрмалардың жайкүйі төмен жағдайда екенін жеткізді. «Сол себептен де биылғы жылы кірме жолдарда вагондардың рельстен шығып кетуінің 18 фактісі орын алған. Ал вагондар ҚТЖ компаниясына қарайтындықтан, олардың жағдайы бізді алаңдатады. Вагондарға сұраныс көп, ал олар әр кірме жолдан шыққан сайын жөндеуге тұратын болса, тасымалдайтын вагон саны шектеледі. Сондықтан тармақ иелері өз жолдарын күтіп-ұстауға көңіл бөлгені керек бізге. Топырақ, құм, шөп басып кеткен жолдар бар. Ол да қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді», – деді ол.  

Жиында сөз болған маңызды мәселе цифрландыру тақырыбы болды. Көлік прокурорының айтуынша, ол сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді, қандай да бір лауазымды тұлғаға тәуелділік болмайды. Барлық құжаттамалар, келісімшарт, алыс-беріс, жүк қабылдап-тапсыру құжаттары цифрлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Сол мақсатта биыл «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе мобильді топ құрылған. Олардың мақсаты – кәсіпкерлерге құқықтық және басқа да көмек беру.  

Кәсіпкерлердің де айтары бар екен. Олар вагондардың көп жағдайда кешігіп жететінін айтты, сол себепті вагондардың қай жерде келе жатқанын қадағалап отыруға ашық мүмкіндік болса деп сұрады.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Аслан Базарғалиев вагондардың кешігуінің бір себебі, елімізде, соның ішінде өңірлерде де тепловоздардың жетіспеушілігі екенін айтты. Сол себепті жол бойында тастанды пойыздар көп. Ал вагондарды қадағалап отыруға қатысты: ҚТЖ компаниясында 15-65 макеті бар, ол жүйеге сәйкес ел ішіндегі пойыздар қозғалысын, маршрутын, бағытын, кетіп бара жатқан, тұрған жерін қадағалауға болады, бірақ, өкінішке орай, ондай құзырет жеке кәсіпкерлерге қарастырылмаған көрінеді.  

Кәсіпкерлердің айтуынша, ұзындығы 168 шақырымды құрайтын Индер-Мақат темір жолының сапасы сын көтермейді. Биылдың өзінде 4 рет пойыздың жолдан шығып кету жағдайы болған. Сол жолды ҚТЖ өз балансына алса деген де сөз болды. «Ол жолдың 10 пайызы Атырау СПК-ға қарайды, қалған 90 пайызы жеке кәсіпкерде. Біз ол мәселені зерделеп, ҚТЖ басшылығына жібердік» деді көлік прокуроры. Алайда, Индер-Мақат темір жол желісіне иелік етуші мекеме өкілінің айтуынша, бүгінде ол жолдарға жөндеу жұмыстарын жасау кезең-кезеңмен жүзеге асырылып, жол сапасын жақсартуға тырысуда екен. Жиында кәсіпкерлер өздерін мазалаған басқа да сұрақтарын қойып, жауап алуға тырысты. «Сіздермен кездескендегі мақсатымыз сын айтып, мін табу емес. Кәсіп иелерімен кері байланыс орнатып, құқықтық негізде көмек беру», – деді жиын соңында құқық қорғаушылар.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті