Биыл 11 айда еліміздегі теміржолдар арқылы 8,8 млн тонна астық тасымалданды

Жүк тасымалы
30.12.2022, 09:33
Оқуға 2 мин

Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 9%-ға көп, деп хабарлайды Rail-news.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Осы жылы астық экспортындағы шектеулердің алынып тасталуы мен нарықта жұмыс істейтін түрлі компаниялар ұсынатын вагондардың жалға алу мөлшерінің айырмашылығынан уақытша кептеліс пен дүрбелең байқалғаны рас. Себебі астық жөнелтушілер мен вагон иелері арасындағы іскерлік байланыс темір жол әкімшілігінің қатысуынсыз реттеледі. Бұл ретте аталған мәселені нарық қатысушылары өзара шешкенін айта кетейік.

Қазір Қазақстанның астық тасымалдаушыларына арналған техникалық парк 10,5 мыңнан асады. Оның ішінде тасымалдау қызметін ұсынатын «Астық Транс» АҚ-на (жекеменшік компания) 4 750 вагон тиесілі. Жылжымалы құрамның бұл мөлшері жүк жөнелтушілердің қазіргі сұранысын толық көлемде қамтамасыз етуге қауқарлы. Осы орайда «Астық транс» компаниясы еліміздің ішкі нарығындағы астық тасымалдау қызметін 98%-ға қамтып келе жатқанын атап өткен абзал.

Вагондарды тартып, тазалау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 130-ға жуық маневрлі локомотиві мен жекеменшіктегі 767 локомотив жұмылдырылған. Аталған нарық толығымен ырықтандырылып, бәсекелестік ортаға берілгенін айта кеткен орынды.

Теміржол арқылы тасымалдау тарифтеріне тоқталсақ, шойын жолмен жүктерді жеткізуге байланысты тариф келесідей тәртіппен қалыптасады. Атап айтқанда, оның құны магистральды теміржол желісі (МЖС) мен локомотивті тарту (ЛТ), сондай-ақ жүк және коммерциялық жұмыстың (ЖК) қызметтеріне байланысты.

Жүк вагондарын жалдап, пайдалану қызметтерін ұсыну нарығында тарифтік және тарифтік емес реттеу құралдары қарастырылмағанын айта кету керек. Оны бәсекелестік ортада нарық өзі реттейді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды