Көкшетау-1 станциясынан Түркияның Мерсин станциясына қызыл жасымық тиелген жиырма футтық 20 контейнер жөнелтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Контейнерлік пойыз теміржол және теңіз көліктерін іске қоса отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) (Орта дәліз) бойынша жүрді.  

Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттық жөнелтуді «KTZ Express» АҚ еншілес кәсіпорны – «Xinjiang KTZ International Logistics Co. Ltd» ұйымдастырды.