Өткен жылы ҚТЖ желісінде барлық жүктер бойынша оң қарқын байқалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚТЖ желісінде 2022 жылы құрылыс жүктерін тиеу көлемі 2% - ке, 15,7 млн тоннаға дейін, түсті кен мен күкірт шикізатын тиеу көлемі 1,1% - ке, 22 млн тоннаға дейін ұлғайды. Химиялық тыңайтқыштарды тиеу көлемі 3% -ке, 4 млн тоннаға дейін өсті.

Тиеудің негізгі көлемі көмір болды – 106,8 млн тонна. Мұнай жүктерін тиеу өткен жылмен салыстырғанда 6% - ке артық және 18,5 млн тоннаны құрады. Темір және марганец кендерін тиеу 2021 жылғы деңгейде қалып, 18,8 млн тонна, ал қара метал тиеу 4,4 млн тонна болды.

Жалпы, ҚТЖ желісінде 2022 жылы 250 млн тоннадан астам жүк тасымалданды.