Еуропа бағыты: Маңғыстау теміржолында жүк тасымалы артты

Жүк тасымалы
27.01.2023, 10:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Былтыр түбек теміржолымен өткен жүк көрсеткіші едәуір артқан. Оған әсер еткен факторлардың бірі – Маңғыстау теміржолы транзиттің басты бағытына айналып, Еуропаға жөнелтілетін жүктің басым бөлігі түбек арқылы шығарылуы дер едік.

Маңғыстау қосалқы бөліміндегі жүк айналымы өткен жылы 108% құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 121% көрсеткен. Соның есебінен жүк тиеу көлемі өсіп, жоспар 102% орындалса, негізгі қызметтен түскен табыс мөлшері 29 млрд 154 млн теңгеге жеткен. Ол да алдыңғы жылғыдан айтарлықтай жоғары. Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТМТМ) бағытында да оң өзгерістер бар. 2021 жылмен салыстырғанда жүктерді ауыстырып тиеу 5 мыңнан астам контейнерге өсіп, 22 мыңға жуық контейнер өңделген.  

Теңіз порттарын сараласақ, Ақтау портында 14 мыңнан астам вагон түсіріліп, 221 кеме жөнелтілген. Құрық порты бойынша барлығы 1 млн 205 мың 822 тонна жүк ауыстырып тиелген. Жүк көлемі 640 мың тоннаға ұлғайған. Түркіменстанмен шекаралық түйісу нүктесі – Болашақ станциясында да көрсеткіштер жоғары. Екі арадағы пойыздар алмасу нәтижесінде өткізілген жүк көлемі 172% ұлғайса, Өзбекстанмен шекаралық түйіспе – Оазис станциясы арқылы 2 млн 242 мың тонна жүк өтіп, бұл жерде де айтарлықтай өсім байқалған.  

– Соңғы кездегі болып жатқан геосаяси ахуалдарға байланысты логистикалық бағыт өзгеріп, Украина, Еуропа жолы арқылы алыс шетелдерге шығатын жүктер біздің жолдармен өтуде. Нәтижесі жүк айналымының көрсеткіштеріне әсер етіп, транзиттік жүктер тасымалы зор қарқын алуда. Болашақ станциясынан Түркіменстанға, одан әрі қарай Ауғанстан арқылы Парсы шығанағымен өз бағытын табатын жүктер көлемі артып отыр. Мысалы, бүгінде Болашақтан күніне 3 пойыз тапсырылса, ол алдағы уақытта 10-12 пойызға дейін жетеді деген болжам бар. Бірақ ол лек әлі бастала қойған жоқ. Ресейден де бері қарай жүктер шығады деген сөз бар. Бәрі келісіліп қойылған, тек ол әлі бізге қарай тиеле қоймаған. Сондай тасымалдардың есебінен Маңғыстау теміржолының биылғы көрсеткіштері де жоғары болады деп жоспарлануда. Қазір күніне 6 мың тонна жоспар берілген, соны орындап отырмыз. Алдағы уақытта транзиттік жүктердің тағы да арта түсуі күтілуде, – дейді Маңғыстау теміржолы логистика бөлімінің басшысы Айбек Өтеков.  

Жергілікті жүктердің тиелімі бойынша да жақсы нәтижелер бар. Бейнеуден Ұлутас, Шетпеден Атырауға Астраханьмен екі ортаға салынып жатқан жолға қиыршық тас, солтүстік өңірлерге «ҚазАзоттың» тыңайтқыш өнімдері жүктелуде. Әсіресе жол құрылысына қиыршық тастың тасымалы қызып тұр. Жақында «Каспий битум» зауытының жөндеуі аяқталды, енді оның да өнімдерін тиеу басталса, жүк тасымалының салмағы тағы арта түсері анық.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды