Астық тасымалы 18 пайызға артты

Жүк тасымалы
10.02.2023, 09:18
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада астық пен ұнтақталған өнімдерді тасымалдау мәселелеріне қатысты онлайн кеңес өтіп, оған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Орынбасаров жетекшілік етті. Кеңеске «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басқарма бастығының орынбасары Нұржан Келбұғанов пен Қазақстан Астық өңдеушілер одағының өкілдері, диірменшілер, жүк жөнелтушілер және трейдерлер қатысты.

Жүк тасымалын ұйымдастырушы ұйым атынан сөз алған Нұржан Келбұғанов 2022 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 10 млн тонна астық тасымалданып, соның ішінде 8 млн тонна эскпортқа шығарылғанын атап өтті. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 18% жоғары болып отыр екен. Осы ретте қазақстандық астықтың негізгі нарығы болып әдеттегідей Орталық Азия елдері қалып отыр. Яғни, бұл бағытта экспорт 11% өсіп, 5,6 млн тоннаны құраған. Сонымен қатар Қытайға жеткізілім көлемі де анағұрлым өсіп, 134% немесе 600 мың тоннаны құраған. Мұны «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өкілі контейнер тасымалының дамуымен байланыстырып отыр.  

Оның айтуынша, оң динамика ұнтақталған өнімдерді тасымалдауда да байқалуда. Ұнды тасымалдаудың жалпы көлемі 2022 жылы 3,1 млн тоннаны құраса, соның 2,3 млн тоннасы сыртқа жөнелтілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 53%-ке артық. Ұнның да басым бөлігі, яғни 2 млн тоннасы Орталық Азияға және 300 мың тоннасы Қытайға жөнелтілген.  

Кеңесте тасымал өсімі биыл да жалғасуда екені айтылды. Қаңтардағы жұмыс қорытындысына келсек, елімізден 138 мың тонна ұн экспортталған. Ал былтыр осы уақытта 118 мың тонна ұн сыртқа шығарылыпты.  

«Сонымен қатар жүктің басқа да түрлеріне қатысты тасымал едәуір өсті. Әсіресе кен, көмір жүктеріне, сондай-ақ оларды жеткізу ұзақтығы да ұлғайды. Бұл теміржол инфрақұрылымына жүктеменің күрт өсуіне әкелді», – дейді Нұржан Келбұғанов.  

Кеңесте локомотивтердің жетіспеушілігі, вагондардың ұзақ уақыт кідіріп қалуы сынды мәселелер сөз болды. Осы ретте ҚТЖ топ-менеджерлері локомотив паркін жаңарту және кеңейту бағытындағы мәселелер жоспарлы түрде шешіліп жатқанын мәлімдеді. Мәселен, алдағы бес жыл ішінде 306 локомотив сатып алу көзделсе, соның жүзден астамы биыл сатып алу жоспарланған. Ал вагондар кідірісі әртүрлі жағдайларға байланысты орын алып жатқаны айтылды. Бірі көрші елдерге бағытталған құрамдардың шекаралық өткелде тұрып қалуы, сол елдің теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетінің төмендігінен болса, екіншісі жүк жөнелтушілер тарапынан өзге елдің вагондарын көптеп тартуынан, еліміздің станциялық теміржолдарында «кептеліс» сынды ахуалдың орын алып отырған жайы бар.  

Кеңесте сондай-ақ тасымалды жоспарлаумен қатысты проблеманың бары да сөз болды. Осы ретте ҚТЖ өкілдері жүк жөнелтушілерге өздері тиеп жөнелтетін жүктің жоспарын нақтырақ жасап берсе деген өтініш-тілектерін жеткізді. Бұл өз кезегінде теміржолшыларға да, жүк жөнелтушілерге де жұмысты нақты жоспарлауға, ұйымдастыруға сеп болары анық. Кеңес соңында теміржолшылар жүк жөнелтушілермен тиелім көлемі мен жеткізу жоспарын айқындап алды. «Келісіп пішкен тонның келтесі болмас» дегендей, мұндай жиындарды жиі өткізіп, екі жақ тарапынан туындап отырған мәселелерді бірлесе талқылап, ортақ мәміле-шешімге келудің маңызы зор боларына сенім білдірді кеңеске қатысушылар.

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті