Қызылордалық теміржолшылар қаңтарда 536 вагон тұз жөнелткен

Жүк тасымалы
10.02.2023, 09:41
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қыс маусымында тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету теміржол тасымалымен жүзеге асатындықтан аймақ теміржолшылары жүк вагондарына тапсырыс берушілердің сұранысын бірінші кезекте қанағаттандыруға тырысады.

Облыс әкімдігінің көмірге деген сұранысы қаңтар айында 208 пайызға орындалды. 13 900 тоннаға берілген тапсырыс 28 980 тоннаға жеткізілген. Қызылорда бөлімшесі бастығының логистика жөніндегі орынбасары Мейрамбек Шолтабаев бүгінде көмір базаларында көмір қоры жеткілікті екенін және тапсырыстардың уақытылы орындалып жатқанын білдірді. Жалпы биылғы қыс маусымында көмір тапшылығын болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар тиянақты жүргізілген. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап көмір тасымалына күш салынып, қыркүйек пен қаңтар айына дейінгі жұмыстардың орындалу көрсеткіші 102,8-208,5 пайызаралығында орындалған.  

Тек көмір тасымалы емес, жергілікті жүк жөнелтуде де теміржолшылар табыссыз емес. Мысалы, желтоқсанда 536 вагон тұздың 227 вагоны республика көлемінде, 309 вагоны ТМД елдеріне жөнелтілген. 766 вагон құмның 185 вагоны ел ішіне, 581 вагоны ТМД-ға жөнелтілген. Ал қаңтар айында 552 вагон тұз, 95 вагон күріш, 319 вагон цемент, 981 вагон құм мен 53 вагон шыны республика ішіне және ТМД елдеріне тиеліп жөнелтілген. Сонымен қатар аймақтағы Шиелі, Жаңақорған станцияларынан тиелетін қиыршық тас, Арал теңізі станциясынан артылатын тұз бен қиыршық құм, Қызылорда шыны зауытынан шығарылатын әйнек-шынылар, Сырдың ақ маржаны – бәрі-бәрі аймақ теміржолының қызметін пайдаланып, логистикалық тасымал қызметін арттыруда.  

Тапсырыстардың дер кезінде кәсіби деңгейде ұйымдастырылуына логистика бөлімі мамандарының қосып отырған үлесі мол. Бөлім басшысы Қанат Абылбеков, Тасымалды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Нұрлан Жайсаңбаев, жетекші инженерлер Алтынгүл Шигенова мен Нұргүл Жанекеева – логистика саласында ұйымдастырушылық шеберліктері қалыптасқан мамандар.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады