Маңғыстауда көмір айлығы аяқталды

Жүк тасымалы
21.03.2023, 09:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау – еліміздегі қатты отын түрлерін тұтынбайтын, көгілдір отынмен толықтай қамтылған өңір. Аймақтың барлық ауылына газ  тартылғандықтан қарапайым халықта үйін көмірмен жылытуға сұраныс жоқ десе де болады. Қазіргі кезде облысқа жеткізілетін бұл жылу көзі тек кейбір мекемелерге ғана жеткізілуде. Сол аталған тасымалдаудағы қауіпсіздікті сақтап, өнімнің дұрыс жетуін қадағалау үшін теміржол күзеті 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында арнайы айлық жариялапты.  

Айлық «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС басшылығының тапсырмасымен көмір жүгінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша «Тұрмыстық мақсаттағы көмірді тасымалдау, қабылдау кезінде тиеуді сапалы тексеру – тасымалдарды сақтаудың маңызды шарты» тақырыбымен өтті, деп хабарлады «ӘТЖК» ЖШС Атырау филиалы ШӘОТ бастығының Маңғыстау өңірі бойынша орынбасары Орынжан Жалғасбаев.  

Оның мәліметі бойынша, осы науқанда тасымалданатын көмір жүгін тиісті жеріне коммерциялық ақаусыз жеткізу мақсатында Маңғыстау станциясындағы атқыштар командасының шұғыл әрекет ететін топ қызметкерлері Маңғыстау станциясындағы желілік полиция өкілдерімен бірлесе профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізген.  

«Көмір» номенкулатуралық жүгі және Маңғыстау жүк тасымалы аймағы бойынша өтетін басқа да жүк тиелген вагондар мен контейнерлердегі ұрлықтың алдын алу мақсатында теміржол қызметкерлерімен бірге жақын маңдағы елдімекен тұрғындарымен кездесіп, түсінік берген.  

– Жүргізілген кездесулерде осы аталған жүктермен байланысты түрлі құқықбұзушылықтарға жол бергендер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Онымен қоса теміржолға жақын орналасқан Дәулет елдімекеніндегі орта мектеп оқушылары және ата-аналарымен де басқосып, осы тұрғыдағы жұмыстарымызды жалғастырдық, – деген «ӘТЖК» ЖШС Атырау филиалы ШӘОТ бастығының Маңғыстау өңірі бойынша орынбасары Орынжан Жалғасбаев бүгінде түбек теміржолымен келетін көмір халықтық тұтыну мақсатында емес, тек жолаушылар тасымалының вагондары және Шетпе станциясында орналасқан цемент зауытына жеткізіліп тұрғанын айтты.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды