Көмір тасымалы: Деректер базасы құрылуда

Жүк тасымалы
04.07.2023, 10:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін көмір тасымалы – ең жауапты да маңызды міндет. ҚТЖ бүгінде өңірлерді көмір қорымен қамтамасыз ету ісін мониторингілеуді жетілдіруде.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету бойынша интерактивті деректер базасы құрылуда. Онда кіреберіс жолдардың техникалық сипаттамасы, жүк түсіру қуаты, ЖЭО қоймаларында көмірдің болуы туралы мәліметтер жинақталып реттеледі, сонымен қатар көмір өндіру орындарындағы тиеу жоспары мен жұмыс тәртібі көрсетіледі. Одан басқа теміржолшылар көмір тиелген вагондардың жүгі түсірілетін кіреберіс жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі жағдайына аудит жүргізеді.  

ҚТЖ жоспарлы түрде көмір тасымалы бойынша міндеттерді атқарады. 2023 жылы қаңтар мен мамыр айлары аралығында ҚТЖ желісі бойынша 44,3 млн тонна тас көмір тасымалданды. Экспортқа 13,2 млн тонна қатты отын жөнелтілді. Республика бойынша 31,2 млн тонна көмір тиелді. ЖЭО қоймаларына 28,4 млн тоннаға жуық қатты отын тасымалданды. Халыққа 2,7 млн тонна көмір жеткізілді. Жүк жөнелтушілерге қатысты барлық мәселелер жұмыс тәртібімен жедел шешімін табуда. Айта кетейік, әлеуметтік жүк саналатын қатты отын тасымалы бүгінде жыл он екі ай тоқтаусыз жүргізілетін болған.  

Жақында Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте көлік, байланыс және отын-энергетика кешендеріндегі бәсекелестікті дамыту шаралары талқыланды. Үкімет басшысының айтуынша, көмір нарығындағы бәсекелестікті дамыту аясында аймақтық операторларға коммуналдық-тұрмыстық көмірді тікелей жеткізуді ұлғайту және 2024 жылға қарай онымен биржалық сауда-саттық нормативін арттыру, сондай-ақ нарыққа баламалы жер қойнауын пайдаланушыларды жіберуді кеңейту жоспарланып отыр. Премьер-министр энергетикалық көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды