Жамбыл облысында жүк тиеу көлемі 161,8 мың тоннаға ұлғайған

Жүк тасымалы
15.08.2023, 10:03
Оқуға 2 мин
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Биыл Жамбыл темір жолының тарихына қатысты даталы оқиғалар көп. Атап айтқанда, Әулиеатадан Бішкекке қарай болат жолдың төселгеніне 100 жыл. Сондай-ақ стратегиялық маңызы жоғары, сол тұста іргелі құрылыс нысанына айналған Шу – Мойынты телімінің іске қосылғанына 70 жыл, ал Жамбыл бөлімшесінің құрылғанына 75 жыл толып отыр.

Ал Жамбыл өңірін химия өндірісінің алыбына айналдырған кен орнына тартылған Қаратау – Жаңатас телімі құрылысының аяқталғанына 65 жыл. Химия өндірісінің алыбы саналатын Жамбыл өңірінде жүк тасымалы да осы химия өндірісімен тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті.  

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Молдахмет Қожахметовтің берген мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың алты айында жүк тиеу көлемі 161,8 мың тоннаға ұлғайған. Экспортқа 859,5 мың тонна жүк жөнелтілген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 306,25 мың тоннаға артық. Облыстағы ірі компаниялар – «Қазфосфат» ЖШС сары фосфор, аммофос, «ЕвроХим Қаратау» ЖШС химиялық тыңайтқыштар, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС ферроқорытпа өнімдерін экспорттап отыр. Бұдан өзге соңғы жылдары аймаққа ірі инвесторлар тартылып отыр екен. Жергілікті билік оларға инфроқұрылымын тартып, тіпті темір жол тұйықтарын да салып беріп жатқан көрінеді. Бөлімше басшысы алдағы жылдары осы ірі компаниялардың есебінен жүк көлемі артады деген сенімде.

–  Индустриялық аймақтағы «ЕвроХим Қаратау» ЖШС, «ЖЦПК» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Балқашцветмет» ӨА сынды ірі компаниялардың есебінен жүк тиеуді екі пайызға көтергелі отырмыз. Сондай-ақ экспорттық айналымды да бір пайызға көтеру көзделуде. «Бірлік-2» станциясын және Сарышаған станциясындағы құм кептіру шаруашылығын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Және «Қаратау-Жаңатас» теліміндегі 22 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пойыздар жылдамдығын көтеру жоспарлануда, – дейді Молдахмет Ниязұлы.  

Бөлімше басшысы аймақ теміржолшылары даталы жылды лайықты жетістіктермен қорытындылауға ұмтылып, Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге де атсалысып отырғанын жеткізді.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды