Жүк шаруашылығында кереғар көрсеткіштер кеміген

Жүк тасымалы
28.08.2023, 16:51
Оқуға 2 мин
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылдың өткен жеті айында Жамбыл бөлімшесінде жүк шаруашылығы бойынша пойыздар қозғалысында ешқандай ақау орын алған жоқ. Дегенмен, осы мерзімде қауіпті жүк саналатын цистерналарды бөлімше арқылы транзиттік, яғни коммерциялық тасымалдауда екі вагон ағытылған.  

Оған себеп, матор жанар-жағармайы тиелген цистерналармен жүк жөнелтуде «Петро Қазақстан Ойл Продакс» компаниясының ҚР «Теміржол көлігі туралы»  Заңының 45-бабына кереғар келген әрекеті болып тұр.

–  Жүк тасымалындағы қауіпсіздік шараларын көтеру мақсатында бөлімше басшылығымен кешенді іс-шаралар қабылданып отыр. Станция басшылары және коммерциялық тасымалға жауапты мамандармен тұрақты селекторлық жиын өтіп,  қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру жұмыстарына техникалық ревизия  ұйымдастырылып отырады, – дейді Тасымалды ұйыдастыру және тасымалдау шарттары бөлімінің бастығы Болат Абдуов.

Ал жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ағымдағы жылдың жеті айында ешқандай олқылықтар болмағанымен, теміржол мүлкіне қол сұғудың бір оқиғасы орын алған. Сонымен қатар «пломбының» бұзылуының да бір фактісі тіркелген.  

– Станция басшыларына, жауапты мамандарға темір жол мүлкіне қол сұққан жағдайда, қылмыстық жауапқа тартылып немесе материалдық шығынға түсетінін түсіндіру шараларын күшейту тапсырылды. Әсіресе Тараз, Шу станцияларының басшыларына жұмыс орнында практикалық дәрістер өткізу міндеттелді. Бұл жұмыстардың нақтылығын анықтап отыру мақсатында ай сайын желілік полиция бөлімінің ақпараттарымен салыстырмалы түрде тексеріліп отырады. Және жұмыстар жыл соңына дейін жүргізіледі. Дегенмен, алдыңғы жылға қарағанда былтыр да, биыл да жүк шаруашылығындағы қауіпсіздікпен байланысты кереғар көрсеткіштер кеміген, – дейді бөлім басшысы.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды