Өзбекстан Ақтау теңіз порты арқылы сыртқы сауда айналымын дамытып отыр

Жүк тасымалы
12.09.2023, 09:20
Оқуға 3 мин
Суретті түсірен Александр ЖАБЧУК
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өзінің бірқатар әлеуетті өнімдерін экспорттаумен Азия құрлығында ерекше орын алатын Өзбекстан еліміздің Ақтау теңіз порты арқылы сыртқы сауда айналымын дамытып отыр. Мәселен, былтыр порт арқылы өзбек еліне және кері қарай 657 ЖФБ контейнерлік жүк жөнелтілген.

Жақында Ақтау теңіз портының жұмысымен танысуға Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев бастаған делегация келіп, қазақ-өзбек іскерлік ынтымақтастығы бағытындағы жетістіктері туралы сөз етті.  

Мәртебелі мейманға нысанды аралатқан «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев, Ақтау порты инфрақұрылымының ағымдық мүмкіндіктері, сондай-ақ Өзбекстанның көлік-логистикалық секторы компанияларымен өзара іс-әрекеті туралы біраз мағлұмат берді. Сапар барысында өзбекстандық жүктердің болашақтағы көлемін тасымалдау үшін ТХКБ транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланудың оңтайлы нұсқаларын әзірлеуді көздейтін бұрын жасалған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде «Өзтемирйулконтейнер» компаниясымен өзара іс-қимыл талқыланды.  

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтау портына Астанада өткен ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдары аралас комиссияларының 32-кеңесіне қатысу сапары аясында Басқарма төрағасы Гао Цзиньян бастаған Үрімші темір жолының делегациясы келген еді. Олар да Ақтау портының өндірістік қуатымен танысып, ТХКБ маршруты бойынша теңіз және теміржол көлігі арқылы өзара іс-қимылды тереңдетуге қызығушылық білдірген болатын.  

Порт жұмысы өткен айда да біраз шетелдік делегацияның қызығушылығын тудырды. Тамыз айында Қазақстан мен Корея арасындағы инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде ҚР-ның Пусан қаласындағы Бас консулдығы Пусан (ВЕРА) қаласындағы экономиканы дамыту агенттігімен бірлесіп Оңтүстік Корея іскерлік делегациясының Маңғыстау облысына сапары ұйымдастырылған еді. Делегация сапарының негізгі мақсаттарының бірі Қазақстанның батысындағы перспективалы көлік хабы ретінде Ақтау теңіз сауда портының өндірістік қызметімен толық танысу болғандықтан сапар аясында көлік және логистика саласындағы мәселелер талқыланып, екіжақты логистикалық дөңгелек үстел өтті. Өткен айда сондай-ақ Ақтау портына USAID кеңесшілер тобының да сапары ұйымдастырылды. Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID (TCA) бағдарламасының халықаралық және қазақстандық сарапшылары Ақтау портының өндірістік-техникалық мүмкіндіктері және оны одан әрі дамытудың стратегиялық жоспарларымен танысты. Ал жалпы ТСА сарапшылары келуінің мақсаты ТХКБ өткізу қабілетін дамыту және арттыру бойынша ҚР ИИДМ-мен бірлескен Жол картасын іске асыру мәселелерін талқылау болды.  

Онан бөлек Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н.Бородавкин және бүкіл әлем бойынша бірқатар ірі порттарды салу және пайдалану есебінде тұрған ірі құрылыс және инвестициялық компания – қытайлық China Harbor Engineering Company Limited (CHECK) өкілдері де келіп кеткен болатын. Кездесулер барысында «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев теңіз портының инфрақұрылымдық объектілерімен және өндірістік үдерістерімен, сондай-ақ Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 22,8 млн тоннаға дейін, оның ішінде 300 мың ЖФЭ контейнерге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін даму жобаларының ағымдағы жай-күйін таныстырды.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады