Семейде көмір тасымалы күрт артты

Жүк тасымалы
29.09.2023, 09:50
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көмір тасымалы маусымдық сипатқа ие болуда. Қазіргі таңда Дегелең станциясынан қатты отын тиеу жұмыстары толық күшіне енген. Теміржолшылар бірінші кезекте аймақтағы барлық жылу беру нысандарын, сонымен қатар жеке секторды көмірмен қамтитын тұйықтарды тұрақты түрде қамтамасыз етуде.

Осыған дейін мәлім болғандай, алдын ала жасалынған болжам бойынша бір ғана Семей қаласы үшін келе жатқан қысқы маусымда жалпы көлемі 260 мың тонна көмір қажет екен. Ал күллі Абай облысының көмірге деген сұранысының көлемі халық үшін 562,2 мың тоннаны құрап отыр. Сәйкесінше, тасымал бойынша негізгі салмақ та теміржолшылар қауымына түседі.  

Қазіргі таңда шаһарды ғана емес, облыс көлемін көмірмен қамтамасыз ету мақсатында «Қаражыра» АҚ және Семей ЖТ бөлімшесі бірлесіп, қатты отынды уақытында тасымалдауда. Осы орайда қатты отын саудасымен айналысатын барлық серіктес компанияларға отын үзіліссіз әрі кедергісіз жеткізілуде. Мәселен, Семей қаласында орын тепкен «Жігер» ЖШС-не қарасты қос бірдей көмір тұйығына жалпы көлемі 28 500 тонна көмір жеткізілген.

Бұл ретте көмір тасымалдаушылар да, жергілікті атқарушы билік те тұрғындарды көмірді алдағы жылу беру маусымы басталғанға дейін сатып алуға шақыруда. Оның себебі, күн суыта салысымен көмірге кезек күрт артуы мүмкін. Ал қазіргі күні аймақтағы барлық қалаларда қатты отын қоры жеткілікті. Кезек жоқ. Семей, Шар, Өскемен, Аягөз сынды ірі қалалардағы көмір тұйықтарына тәулігіне ең кемі 9 вагон көмір жеткізіледі екен. Алайда, күн кенеттен суытып, сұраныс артатын болса, семейлік теміржолшылар бұл көрсеткішті жоғарылатуға ниетті.  

Соңғы айдағы көрсеткіштерге сүйенсек, бөлімше бойынша көмір тасымалының анағұрлым артқаны байқалады. Бұл ретте жергілікті теміржолшылар үшін кестеден ауытқу жоқ және тосын кедергілер туындамаған. Қазіргі таңда көмір тасымалының бір аптадағы көлемі шамамен 150 мың тоннаға жақындап қалды. Бөлімше жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша қатты отын тасымалы бұрынғыша бірінші орыннан түспей келеді.  

Сонымен қатар жыл сайын кездесетін негізгі проблема вагондар жетіспеушілігін шешу мақсатында алдын алу іс-шаралары қабылданған. Дегелең станциясы мен Жаңа-Семей жүк станциясындағы өндірістік процесс мейлінше ширатылуда. Қазіргі таңда екі станция аралығында ауыр салмақты жылжымалы құрамдар да жолға шығарылуда. Алдағы уақытта тәулік сайын құрастырылатын пойыздар саны артуы мүмкін. Қазіргі күні негізінен аталмыш станциядан 4-6 пойызды жасақтап аттандыруға толық мүмкіндік бар.  

Сонымен қатар туындаған жағдайларға байланысты алдағы атқарылатын шаралар мен көмір тасымалын ширатуға қатысты шаралар қазіргі өтіп жатқан күзгі комиссиялық байқау аяқталған соң қабылданатын болады.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты