Әйтеке би станциясында 500 вагон астық тиелді

Жүк тасымалы
31.10.2023, 09:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Ақтөбе облысының егінді алқаптарында дәнді дақыл толық жиналмай қалды. Күз айындағы үздіксіз жауған жауын диқандар жұмысын қиындатқан. Мәселен, астықты аймақ саналатын Әйтеке би ауданында алқаптың 60 пайызы ғана жиналған.

Әйтеке би станциясы биылғы тоғыз айда 489 вагонға дәнді дақылды тиеуді жүзеге асырған. Олар көрші Ресей және Өзбекстан елдеріне жөнелтілген. Егін шаруашылығымен айналысатын диқандар тиеу жұмыстарына қатысты қиындық жоқ екенін айтады.Теміржол тұйықтары жаз бойы астық тиеу вагондарымен қамтылған. Тапсырыс бойынша қоймадағы астықтарды жөнелтіп отырады.  

– Барлық жағдай бақылауда. Астық тиеу, вагонмен қамтамасыз ету жұмыстарында кедергі жоқ, тоғыз айда тиелген 500 вагонға жуық астық Кавказ, Самарқанд және Карши станцияларына жөнелтілді. Бұдан бөлек 436 вагон саз тиеу жұмыстары ұйымдастырылып, 234 вагон құрылыс материалдары жөнелтілді, – деді Әйтеке би станциясының басшысы Жандос Әбдіжәлелов.  

Ақтөбе өңіріндегі егін жинау жұмыстары Жіңішке, Жазық, Әйтеке би, Мәртөк, Ақтөбе станцияларында жүрді. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің мәліметінше, биыл сегіз айда 2408 вагонға 160 мың тоннадан аса астық тиелген. Өткен 2022 жылдың осы уақытында 2 088 вагонға141 мың тоннадан аса астық тиеліп, тасымалданған болатын. Жалпы, аймақта егін егумен 15 ірі серіктестік, 107 шаруашылық айналысады.140 мың гектар алқапқа дән себілген.  

Биылғы егін орағы маусымы Үкіметтің тұрақты бақылауында тұр. Премьер-министр егін жинау науқанын қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды