Құлсарыда жүк көлемі артты

Жүк тасымалы
07.12.2023, 10:24
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Аймақтағы ең өндірісті ауданда орналасқан бірінші класты Құлсары станциясы аймақтың теміржол көлігіне сұранысын қанағаттандырып, өлке өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатыр.

Тораптық станция арқылы тасымалданатын негізгі тауар – мұнай өнімдері және химиялық жүктер. Тәуліктік жүк тиеу-түсіру көлемі 270-290 вагонды құрап, тәулігіне 11 жұп жолаушылар, 10-15 жұп жүк пойызы өтеді. Станция бүгінгі таңда 27 кірме жолға қызмет көрсетіп, 120 серіктесімен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Әрине, серіктестер ішінде негізгі жүк қабылдап-жөнелтуші мекеме станциядан 10 шақырым жерде орналасқан «Теңізшевройл» ЖШС. Құлсары станциясы негізінен осы мұнай алпауытына қызмет көрсетіп, пойыздарын қабылдап-жөнелтеді. Қазіргі кезде «Теңізшевройл» ЖШС бойынша тәулігіне орташа есеппен тиелім 275 вагонды құрайды, оның ішінде мұнай және мұнай өнімдері – 164, химикат – 118 вагон, тәулігіне орташа есеппен 5-6 құрама қабылдап-жіберіледі.  

Құлсары учаскелік станциясының жүк және қозғалыс цехы бар. Станция бастығы Жүсіп Қалихановтың айтуынша, еңбек және технологиялық тәртіпті нығайту, жұмыс тиімділігін арттыру, техникалық сабақ пен адамдармен жеке жұмыс сапасын жақсарту, ұжымда еңбек және қозғалыс қауіпсіздігін, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережесін сақтау сынды жұмыстарға ерекше басымдық беріледі. Станция Мақат, Бейнеу, Атырау және Теңіз кеніші бағытында пойыздар қабылдап-жөнелтеді. Үнемі алдын алу шараларын жүргізу арқасында көп жылдар бойына пойыз және маневрлік жұмыстарда ақаусыз жұмыс жасап келеді.

– Әрине, станцияға жүктелген міндет өте жауапты әрі күрделі, өйткені ол мұнай өнімдерін қауіпсіз тасымалдау және құраманың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді, сондықтан да қозғалыс қауіпсіздігіне аса мән беріледі. Өткен 10 айда тәулігіне 13 пойыз қабылданып-жөнелтілді. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл жүк тиеу 115%, ал жүк түсіру 119 %-ды құрады. Яғни жоспарлы межеден артық екенін көреміз. Жоспар бойынша 71 490 вагон, 3 863 215 тонна жүк тиелу керек болса, орындалғаны 81 940/4 198 326 вагон/тонна. Тәуліктік жүк тиеу 235/12 708 тонна, орындалуы – 270/13 830 тонна. Жүк түсіру де жоспар бойынша 9935 вагон болса, түсірілгені – 11 860. 10 айда жергілікті табыс 132 552 772 теңгені құрады, – дейді ол. Станциядағы құжат айналымы да дұрыс жолға қойылған. Тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орнына (АРМ ТВК) сәйкес, 10  айда  жалпы рәсімделген құжаттардың саны 129 482 орын, 251 жөнелту хабары, 32 486 тасымалдау құжаты берілген, – деп мәлімет берді станция бастығы.

Айта кетерлігі, былтыр және биылғы жылы станция жолдары біршама  жаңарып қалды. Құлсары-Бейнеу-Опорная, Құлсары-Мақат-Шоқпартоғай-Құмкөл аралығында жолдар күрделі жөндеуден өтіп, бағыттамалы бұрмалар да ауыстырылды. Нәтижесінде жолаушылар пойызының жылдамдығын 60 км/сағ – 120 км/сағатқа, жүк пойызының жылдамдығын 50 км/сағаттан 100 км/сағатқа көтерілді.  

 

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді