Құрықта астық терминалы іске қосылады

Жүк тасымалы
20.12.2023, 16:51
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ереван қаласында өткен теңізге шыға алмайтын елдердің LLDC конференциясында Құрық портында биыл астық терминалы іске қосылатынын айтты.  

Қазақстан – теңізге шыға алмайтын ірі дамушы ел болып табылады. БҰҰ-ның LLDC елдеріне арналған бағдарламасы 2003 жылғы Алматы декларациясында да, 2014-2024 жылдарға арналған Вена іс-қимыл бағдарламасында да теңізге шықпай-ақ елдердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауда аса маңызды рөл атқарады. Вице-министр жиналған көпшілікке соңғы он жылдықта Вена іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндап берді.

– Бүгінгі таңда біз Орталық Азия мен Еуропа арасында тасымалдау сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік беретін жаңа логистиканы жолға қою мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Қазақстан Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа сияқты экономикалық алыптар арасында орналасқан және өз кезегінде өңірдегі көлік-транзиттік әлеуетті дамыту мен көлік дәліздерін жаңғырту үшін зор күш-жігер салуда. Соңғы 15 жылда Қазақстанның көлік саласына шамамен 35 млрд АҚШ  доллары инвестицияланған. 2,5 мыңнан астам темір жол, 13 мың шақырым автомобиль жолдары салынған, Қытаймен шекарада «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ порты, сондай-ақ қуаттылығы жылына 21 млн тонна Ақтау және Құрық теңіз порттары нәтижелі жұмыс істеуде. Тиімді транзиттік трансконтинентальды дәліздер мен маршруттар желісі құрылды. Бүгінде еліміз бойынша 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның ішінде 5 темір жол және 8 автомобиль дәлізі, – деді вице-министр.

Жалпы Солтүстік дәліз бойында 2015 жылдан бастап бірыңғай көлік-логистикалық компания жұмыс істейді. Ол Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша бірыңғай оператор қызметін атқарып, бірыңғай өтпелі мөлшерлеме мен логистикалық қызметтерді ұсынады. Логистикадағы жаһандық өзгерістерге қарамастан, бұл дәліз транзиттік тасымалдарды жүзеге асырудағы өзектілігін жоғалтпайды және шығыс-батыс бағытындағы контейнерлік тасымалдардың шамамен 80 пайызын алады деп болжануда. Сонымен бірге осы бағытта Транскаспий халықаралық көлік маршрутының рөлі арта түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жүктерді тасымалдау көлемінің екі есе өсуі – осының бірден бір дәлелі.

Орта дәлізді дамыту шеңберінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша маңызды шаралар қабылданып жатқанын айта кеткен орынды. Оның ішінде 2025 жылға дейін Ақтау портында «контейнерлік хаб» салынады деп жоспарланып отыр. Бұл тасымалдау көлемін жылына қосымша 300 мың жиырма футтық эквивалентке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды