Қазақстан мен Пәкістан жүк тасымалында ынтымақтаса жұмыс істемек

Жүк тасымалы
29.01.2024, 11:50
Оқуға 2 мин
Фото: Wikipedia
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан мен Пәкістан Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің мүмкіндіктерін кеңейту және жалпы Транскаспий халықаралық көлік маршрутын одан әрі дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өткен аптада Көлік вице-министрі Пәкістан Ислам Республикасы байланыс, теміржол және теңіз істері министрінің федералды хатшысымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар теміржол секторындағы ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда ML-4 Гвадар-Кветта (901 км), Кохат-Тал-Харлачи (191 км) теміржол желісін салу, Пәкістан темір жолдарындағы соляризациялау, Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің мүмкіндіктерін кеңейту және жалпы Транскаспий халықаралық көлік маршрутын одан әрі дамыту мәселесін талқылады. Күн тәртібінде сонымен бірге Пәкістан мен Қазақстан арасындағы автомобиль көлігі туралы екіжақты келісім шеңберінде Автомобиль көлігі және теңіз секторындағы ынтымақтастық, сондай-ақ 2024 жылға тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу мәселелері қаралды.

Қазіргі таңда қазақстандық тарап ҚР мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті. Вице-министрдің айтуынша, бұл үшін бастапқы кезеңде серіктестік қатынастарды жандандыруда шешуші рөл атқаратын тиімді көлік-логистикалық жүйесін құру қажет.

«Бүгінгі таңда транзиттік дәліздерді пайдаланудың жоғары әлеуеті байқалғандығымен, екі ел арасында теміржол қатынасы жүзеге асырылмай отыр. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы Үкіметаралық комиссияның отырысына сәйкес, қазақстандық тарап жер үсті бағыттары бойынша сауданы кеңейту және оңайлату мақсатында ML-4 Гвадар-Кветта (901 км) және Кохат-Тал-Харлачи теміржол желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыруға қызығушылық танытып отыр», – деді вице-министр Талғат Ластаев.

Қазір Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан бағыты бойынша жүктерді Түрікменстан аумағы арқылы Ауғанстан шекарасына дейін теміржол көлігімен тасымалдауды ескере отырып, мультимодальды қатынасты ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Осы жобаларды іске асыру қолданыстағы дәліздерді толық пайдалануға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Пәкістан көлік дәліздерінің маңызды буыны. Бұл елде көлік-логистикалық жобалардың белсенді дамуы өткен ғасырдың 80-ші жылдары басталды. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бірқатар проблемаларға тап болғанымен, Пәкістан үкіметі елді аймақтық көлік дәліздерінің маңызды буынына айналдыруға күш жұмсады.

Сондай-ақ, көршілес Иранның шекаралас Захедан қаласын Пәкістанның Белуджистан провинциясының орталығы – Кветта қаласымен байланыстыратын темір жол бар. Оған қоса, Пәкістан мен Қытай арасында темір жол салу жоспары бар. Оған Қытай кәсіпкерлерінің қатысуымен шамамен 58 миллиард доллар инвестиция құйылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы көлік бағытын дамыту мәселесі қарастырылуда. Жалпы, бірқатар өңірлік жобалар жүзеге асырылғаннан кейін Пәкістан жаһандық көлік-логистикалық дәліздердің жетекші қатысушысы бола алады. Ал елдің сауда және теңіз порттары мен олардың халықаралық жүк жөнелтушілерге ұсына алатын мүмкіндіктерін қарастырғанда, Азия аймағының транзиттік рөлі мен жүк айналымын кеңейтудегі Пәкістанның өзінді рөлі бар.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды