«KAZLOGISTICS» есеп берді (Фото)

Жүк тасымалы
13.02.2024, 13:30
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлікшілер Одағы өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Отырысқа еліміздің көлік министрлігі өкілдері мен ҚТЖ басшылығы және басқа да құзырлы мекемелер басшылары қатысты. Жиында теміржол, автожол, көлік логистикасы, су көлігі, азаматтық авиация бойынша Жұмыс топтары басшыларының есебі тыңдалды.

  Жылдың қорытынды жұмыстары туралы одақ төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко баяндама жасады. Айтуынша, былтыр одақта ынтымақтастық туралы 17 меморандумға қол қойылған. Көлік саласының жалпы көрсеткіштеріне тоқталған ол соның ішінде теміржолмен жүк тасымалы 28 пайыз, теңіз порттары арқылы жүк тасымалы 15,3 пайыз артқанын айтты. Сонымен бірге теміржол арқылы жолаушылар тасымалы 2,12 пайыз өскен.  

– Қазіргі уақытта көлік пен логистикаға жаңа көзқараспен қарап, барлық жерде жаңа инновациялар мен технологияларды енгізуге басымдық берілуде. Цифрлық шешімдер заманауи логистика мен көлікте шешуші рөл атқарады, процестерді басқару мен оңтайландырудың дәстүрлі тәсілдерін өзгертеді, бизнес-процестердің тиімділігін арттырады және қызмет сапасын жақсартады. Біз сапалы автомобиль жолдарын, жаңа теміржол өткелдерін салу, Ақтау портының порт инфрақұрылымының мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ қазақстандық жүк авиациялық тасымалдаушыны құру бастамаларын қолдаймыз. Бұл ретте Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдардың өзара толық байланысы болуы қажет деп санаймыз, – деді Юрий Лавриненко.  

Ол өз баяндамасында көліктің барлық түрлеріне тоқтала келе, соның ішінде теміржол бойынша алдағы жылға арналған жоспарлар туралы да айтты. Нақты айтқанда, вагондардың тұрып қалғаны үшін он еселенген мөлшерде айыппұл төлеуге байланысты ҚР ИИДМ 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бекіткен теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау ережелерінің нормаларын қайта қарау бойынша көлік министрлігімен бірлескен жұмыс жалғасын табады. Сондай-ақ  тариф белгілеу жүйесін өзгерту не республикаішілік және экспорттық қатынастарда контейнерлермен жүк тасымалдауға төмендету коэффициентін беру тетігін енгізу мүмкіндігі қаралады.  

Конвенциялық тыйым салулар мен тасымалдауға шектеулер жарияланған кезде «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 35-бабының нормаларын қарау көзделуде. ҚТЖ цифрландыруды дамыту есебінен экспедитордың кодтарын рұқсатсыз пайдаланудан қорғау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жөніндегі мәселені қарап, талқылау қажет. Сонымен қатар 2024 фрахталық жылға арналған теміржол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы Үлгілік келісімшарттарды енгізу жоспарланған.  

Қорытынды жиынға қатысқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев салада атқарылып жатқан жұмыстар Мемлекет басшысының Қазақстанды ірі көлік логистикалық хабқа айналдыру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқанын жеткізді. Сондықтан сыртқы және ішкі клиенттерге сапалы қызмет ұсынуда көліктердің барлық түрлері бойынша мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын атап айтты. Аталған одақ құрамына бүгінде 66 көлік компаниясы мүше, олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС, «Қазтеміртранс» АҚ, «ҚТЖ Экспресс» АҚ, «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ, «Air Astana» АҚ, «Scat» әуе компаниясы және тағы басқалары бар.  

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?