Атырауда жүк тасымалы межеден асып түсті

Жүк тасымалы
25.07.2024, 11:04
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын табысты қорытындылады. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу, өндірістік жарақат алу жағдайлары болмаған. Жарты жылда пайдаланым жүк айналымы жоспардан асып түсіп, 113 пайызды құраған. Тоннаға шаққанда 113,4 мың тонна, техникалық жоспарға сай 98,1%.  

Дегенмен өндірістік-техникалық бөлім инженері Нейла Матаеваның айтуынша, жүк тиеу тәулігіне 680 вагон болып, жоспар 113%, ал жүк түсіру 280 вагон болып, ДК жоспары бойынша 87,1, техникалық жоспар бойынша 111,6%-ды құраған. Ал жүк айналымының аздап төмендеуіне орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы, пропан, бутан, мазут, кокс, күкірт ксилол тиеудің азайғаны, жүктерді экспортқа тиеуге конвенциялық тыйым қойылуы, ішкі-сыртқы түйіспелер бойынша вагондар саны, пойыз қабылдау кемігені себеп. Техникалық жоспарға сай пойыздың статистикалық салмағы өткен 6 айда 101,6%-ға орындалды. Жоспарға сай 54,88 тонна орнына 55,74 тонна болды. Биылғы жүк тиеу көлемі былтырғымен салыстырғанда 100,5% артып отыр, 1 жүк операциясына тұру ДК бойынша 6 айда 101,1%-ды құраған, яғни бір операцияға 14,40 сағат бөлінсе, ол 14,24 сағатта орындалған. Ал техникалық жоспар бойынша 1 жүк операциясына тұру 100,7% болып, 6,05 сағатты құраған.

Аймақта жинақтайтын, шығаратын пойыздардың көбеюі, Атырау-Қиғаш учаскесінде сағатына 40 км-ге жылдамдықты шектеу, жазғы жол жұмыстарына байланысты технологиялық «толаскез» берілуі, жолда малдың жүруіне байланысты локомотивті шұғыл тежеу, метеорологиялық жағдайлар – қар мен жауынның көп болуына қарамастан орташа учаскелік және техникалық жылдамдық 101,7 пайызды құраған. Яғни өңірде жыл сайын жүргізіліп келе жатқан темір жолды күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі де нәтиже бере бастады деуге болады.  

Аймақтағы мұнай өндіруші ірі компания – «Теңізшевройл» Құлсары станциясы бойынша пропан, бутан, химикатты тиеуден бас тартуы, «Батыстрансгрупп» ЖШС Теңдік станциясы бойынша мазут, кокс, ксилол тиеуді дайын өнімнің болмауы себепті шектеуі, Украинаға қандай да бір жүкті жөнелтуге және Новороссийск-Солтүстік Кавказ темір жолына мұнай өнімдерін жіберуге тоқтам қою тасымал көлемінің кемуіне айтарлықтай әсер ете алмады. Дегенмен бұрынғы кедергілер де сақталып отыр, яғни кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерді күту, жүк түсіру орнының бос болмауы, жүктің қатып қалуы, жұмыс күшінің болмауы, бір уақытта бірнеше пойыздың қатар келуі, т.б. себептер де бар.  

Сонымен жарты жылда табыс көлемі жақсы болды. Аймақтағы негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан, пойызбен тасымалданатын жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Соған сәйкес кіріс те тасымал көлеміне байланысты болады. Жүк түсіру көлемі де ойдағыдай. Мысалы, тәуліктік 247 вагон орнына 265 вагон жүк түсіріліп, жоспар 107,3 пайызға жетті. Жергілікті вагон айналымы да жаман емес, 104,7%. Расында бүгінде бөлімшеде жүк операциялары үшін ашық 18 станция болса, олардың бәрінде логистикамен айналысатын мамандар бар. Мамандар жергілікті жерде, станция басында барлық құжаттарды рәсімдейді. Бұл жұмыстардың электронды түрге көшуі де жүк операцияларының жылдамдығын арттырып, өз кезегінде тасымал тасқынының артуына сеп болып отыр.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды