ЕАЭО елдері теміржол көлігін дамыту мәселесін талқылады

Жүк тасымалы
25.07.2024, 11:50
Оқуға 3 мин

Жақында Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитетінің темір жол көлігі бойынша кіші комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кіші комитет мүшелері теміржол көлігі саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ЕАЭО туралы шарттың ережелерін іске асыру, оның жекелеген нормаларын жетілдіру, «ЕАЭО елдерінің қазіргі экономикалық жағдайындағы теміржол көлігінің даму перспективалары» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындылығы, 2030 жылға дейінгі  және 2045 жылғы кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» экономикалық процестерді одан әрі дамыту декларациясын іске асыру жөніндегі жол картасы жобасының бөлімін талдау мәселелері талқыланды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, отырыста Комиссия тараптар ұсынған теміржол көлігі қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібін орындауды мониторингтеу, оның ішінде тарифтік саясаттың негіздері (ЕАЭО туралы шарттың № 24 қосымшасына № 2 қосымша) жайлы  ақпарат берді.

Айта кетейік, осы тәртіп шеңберінде мүше мемлекеттердің аумағы арқылы жүк тасымалдау кезінде байланыс түрлері бойынша бірыңғай тарифтер қолданылады (экспорттық, импорттық және мемлекетішілік тарифтер).

Әрбір мүше мемлекет теміржол көлігімен жүк тасымалдау кезінде бірыңғай тарифті қолданады:

- мүше мемлекеттер арасында, оның ішінде басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы (басқа мүше мемлекеттердің аумағы) және (немесе) үшінші елдердің аумағы арқылы;

- мүше мемлекеттің аумақтары арасында басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы (басқа мүше мемлекеттердің аумағы) және (немесе) үшінші елдердің аумағы арқылы;

- мүше мемлекеттің бір аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы (басқа мүше мемлекеттердің аумағы) және (немесе) үшінші елдердің аумағы арқылы үшінші елдерге теңіз порттары арқылы және кері бағытта.

Осылайша, ЕАЭО шеңберінде отандық жүк иелері үшін тарифтік жүктемені ЕАЭО ішінде және экспорттық-импорттық қатынаста тасымалдау кезінде 2,2 еседен астам төмендету есебінен қолайлы тарифтік жағдайлар жасалды.

Жалпы, теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту ЕАЭО мүше мемлекеттерінің транзиттік әлеуетін, соның ішінде бүкіл еуразиялық өңірдің көлік-логистикалық байланыстылығын дамытудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Осы жылдың 8 мамырында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «Қазақстанның теміржол саласы бірыңғай цифрлық экожүйені құру есебінен дамудың жаңа серпінін алады. Келесі жылы теміржол тасымалында жасанды интеллект элементтерін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Озық технологияларды қолдану тасымалдаудың тиімділігін едәуір арттыруға және шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді, соның ішінде біздің серіктестеріміз үшін де. Тарифтік саясат пен кедендік рәсімдерді үйлестіру, сондай-ақ бірыңғай еуразиялық цифрлық дәлізді құру арқылы  үздіксіз логистиканы дамыту маңызды болып отыр. Практикалық шара ретінде барлық тауарға ілеспе құжаттарды QR-кодтарды пайдалана отырып қашықтықтан тексеру механизмін енгізуді және цифрлық құжаттарды өзара танып бастауды ұсынамыз».

Осылайша, Мемлекет басшысының аталған бастамаларын іске асыру ЕАЭО-ның көлік-логистикалық  байланысын нығайтуға және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумақтары бойынша тауарлардың «үздіксіз транзитін» қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, отырыс өзара түсіністік атмосферасында конструктивті өтті. Барлық мәселелер бойынша өзара тиімді шешімдер қабылданды. Кіші комитеттің келесі отырысы осы жылдың қараша айына жоспарланған.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті