Жамбылда жүк тасымалы 12 пайызға өсті

Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл бөлімшесінің алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша табысы, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі көрсеткіштері, сонымен қатар еңбеккерлерге жасалып жатқан әлеуметтік-моральдық қолдау шаралары туралы филиал директоры Айдын Сейітбенбетов айтып берді.

– Айдын Пайзылдаұлы, бөлімше жұмысының негізгі көрсеткіші – жүк тасымалының ахуалы қалай? Кәсіби мерекеге қандай нәтижемен келдіңіздер?

– Жаман емес, алғашқы алты айда жүк тасымалынан түскен табыс 22 656 735 138,8 теңгені құрады. Былтырғы көрсеткішпен салыстырмалы түрде 12 пайызға өсті. Алғашқы алты айға Директорлар кеңесі Жамбыл бөлімшесі бойынша жоспарға 4 көрсеткіш енгізген. Соның бірі – жүк тиеу. Мысалы, филиал бойынша бірінші жартыжылдықта техникалық жоспар бойынша 320 вагон, 21357 тонна жүк тиеу керек болса, орындалғаны - 361,32 вагон, тиелген жүк - 24498,9 тонна немесе техникалық жоспар 114,7 пайызды құрады. Директорлар кеңесінің бекіткен жүк тиеу жоспарында тәулігіне орта есеппен 454 вагон 30417,58 тонна тиеу керек деп бекітілген. Бөлімшенің көрсеткіші – Директорлар кеңесінің бекіткен жоспарының 80,54 пайызын құрайды. Филиалдың негізгі жүк артушылары – «Казфосфат» ЖШС және осы серіктестікке қарасты «Жаңа фосфор зауыты», «Балхаштүстіметалл», «Еврохим Қаратау», «Жамбыл өндірістік цемент компаниясы» жарты жылдағы негізгі жүк тиеу жоспарына сай тәулігіне бар-жоғы 282,5 вагон, немесе 18 500 тонна тиейміз деп мәлімдеме жасаған. 100 пайыздық нәтижені көрсете алмауымыздың себебі осында жатыр. Дегенмен, жалпы табыс деңгейінің көтерілуіне жүк жөнелтушілермен жүк тасымалдау көлемін ұлғайту және тапсырыс берушіге бағдарлануды арттыру бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізу арқылы қол жеткізгенімізді атап өткен жөн.  

– Алдағы жартыжылдықтың жоспарына да тоқталып өтсеңіз?  

– Жұмыс жемісті болу үшін алдағы мақсаттарды айқындап алу қажет. Меже белгіленгенде ғана нәтижеге жету мүмкін болмақ. Біз алдағы алты айда жүк тиеуді қазіргі көрсеткіштен 5 пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз. Мысалы, «Еврохим Қаратау» ЖШС индустриялық аймақтарын дамыта отырып шығарылатын өнім көлемін 43,9 мың тоннаға, «Жамбыл өндірістік цемент компаниясында» – 75,2 мың тоннаға, «Қазфосфат» ЖШС бойынша 290,7 мың тоннаға көбейтіп, экспорттық қатынастағы жүк тасымалын 3,5 пайызға ұлғайтуды, «КТТ» АҚ вагон паркінің жалпы тиеудегі үлесін 57 пайызға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, пойыздардың тартымы бойынша отын-энергетикалық үлестік шығынын азайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізіп, энергия ресурстарын үнемдеуге қол жеткізсек дейміз. Сондай-ақ алдағы айларда Мойынты – Шу – Алматы телімінің өткізу қабілетін, пайдалану жағдайын жақсарту мақсатында Бірлік-2 станциясы қалпына келтіріледі, Көктөбе, Алаайғыр станцияларында диспетчерлік съездер салынады. Жоспарда бұдан басқа да ауқымды жобалар бар. Оның бәрін тізе берудің жөні жоқ, кезінде көретін боласыздар.  

– Еңбек өнімділігін жақсарту үшін еңбеккерге жасалатын материалдық-моральдық қолдаудың маңызды рөл атқаратыны белгілі...  

– Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айтарлықтай деңгейде көңіл бөлініп отыр дей аламын. Ұжымдық шартқа сәйкес барлық игіліктерді пайдаланып отыр. Биылғы өткізіліп жатқан әлеуметтік іс-шаралардың барлығы Қазақстан теміржолының 120 жылдығы аясында өтуде. Мерекеге орай өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, ерен еңбегімен ерекшеленген 71 адамды түрлі марапаттарға ұсындық. Олардың арасында бірнеше қызметкеріміз «Құрметті теміржолшы» атанса, бірқатары «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік маман» қатарынан көрінді. «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болып, мерейі өскен мамандар да жоқ емес. Жастарды әлеуметтік-қоғамдық жобаларға тартып, филиалда жастар саясатын дамытуға назар аударып отырмыз. Олардың мансаптық өсуі үшін көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған жастар форумдары мен тренингтерге қатысуына жағдай жасалуда. Оқытудың жаңа әдістерін, оның ішінде іскерлік ойындарды, тренингтерді, себеп-салдарлық диаграммаларды, ситуациялық схемаларды, бейнесюжеттерді пайдалана отырып, техникалық сабақтарды өткізудің жаңа нысандарын игеруі – басты назарда. Осы мақсат-міндеттерді орындау үшін филиалдың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуде инновациялық рационализаторлықты қолдау арқылы филиал қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін пайдалану көзделуде. Сонымен қатар, аймақ теміржолшылары Бурабайдағы ҚТЖ-ға қарасты Сейфуллин шипажайына жыл бойы жолдамамен барып, ем-дом алу мүмкіндігіне ие, одан бөлек «Ақ тілек», «Ақсу демі», «Балқаш», «Қазақстан kz», «Сосновый бор» шипажайларына жеңілдікпен жолдама алып, денсаулықтарын шыңдауда.  

– Әңгімеңізге рахмет!  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін