«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жария талқылауға өз өтінімін ұсынды

Жүк тасымалы
27.08.2024, 12:03
Оқуға 1 мин

2024 жылғы 26 тамызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті жария тыңдауларда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның жүк қозғалысындағы локомотивтік тартқыш қызметіне бағаның алдағы уақытта өсетіні жөніндегі хабарламасын талқылады.

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті таратқан мәліметінше, баға белгілеу қағидалары талап ететіндей, жария тыңдауларды өткізудің мақсаты жариялылықты, ақпараттандыруды, тұтынушылар мен субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтауды, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды қалыптастырудың ашықтығын және шынайылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Жария тыңдауда Комитет Төрағасының орынбасары - Қосымбаев Тимур Ернатұлы төрағалық етті.

Жүк қозғалысындағы локомотивтік тартқыш қызметіне бағаның жобасы бойынша баяндамамен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның Экономика және қаржы жөніндегі орындаушы директоры Ақынбеков Илияс Жолдасбекұлы сөз сөйледі.

Жария тыңдауларда мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің, сондай-ақ қауымдастықтар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Тыңдаулар барысында «ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС-ның жүк қозғалысындағы локомотивтік тартқыш қызметтерінің шекті бағасының жобасына пікірлер мен ұсыныстар айтылып тыңдалды.

Комитет субъект пен қызметтің тұтынушылары арасындағы теңгерімді сақтай отырып, негізделген бағаны бекіту кезінде айтылған барлық ұсыныстарды ескеретін болады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды