ҚТЖ ел тұрғындары үшін 2,3 млн тонна көмір жеткізді

Жүк тасымалы
20.09.2024, 09:17
Оқуға 2 мин

2024 жылғы мамырдан 18 қыркүйекке дейін ел тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету үшін шамамен 2,3 млн тонна тиелген. Мамырдан шілдеге дейінгі кезеңде тиеудің жиынтық көлемі шамамен 1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мәселен, тамыз айында 734 мың тонна көмір тиелген. Бұл теңгерімсіздік жазғы кезеңде жылыту маусымына дайындық бойынша белсенділіктің жеткіліксіздігін көрсетеді. Қыркүйектің 18 күнінде 589 мың тонна көмір тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% артық.  

Энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмірдің барлық жөнелтілімдері вагондардың қажетті санымен қамтамасыз етілген, тиеу және тасымалдау процесі ҚТЖ-ның тұрақты бақылауында.  

Дегенмен, кейбір бағыттарда операторлар мен жүк жөнелтушілерден уақтылы өтінімдердің болмауынан туындаған көмір жөнелтудің кешігуі байқалады.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында мамырдан тамызға дейінгі кезеңде көмірге қажеттілік жоспары 204 мың тонна мөлшерінде болса, іс жүзінде барлығы 150 мың тонна тиелген.  

Өңірлік көмір операторларының ақпараты бойынша Өскемен қаласы үшін қыркүйекке 33,6 мың тонна көмір тасымалдау жоспары мәлімделсе, қыркүйектің 18 күні ішінде тек 16 мың тоннасы жеткізілді. Қосымша, 19 қыркүйекте Жаңа-Өскемен станциясына 21 вагон коммуналдық-тұрмыстық көмір  (1,5 мың тонна) әкелінді.

ҚТЖ барлық тұтынушылар үшін көмірді тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуді жалғастыруда және көмір операторлары мен жүк жөнелтушілерді, әсіресе күзгі-қысқы кезеңнің басында тасымалдауға өтінім беруде жедел әрекет етуге шақырады.

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті