Осы жылдың қазан айының алғашқы 7 күнінде Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша 30 астық маршруттық құрамы жөнелтілді. Оның 27-сі экспортқа, қалғаны елдің оңтүстік өңірлеріне бағытталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазан айында астықтың жалпы тиелуі 88 мың тоннадан асты. Оның 75 мың тоннадан астамы Орталық Азия, Иран, ҚХР және Ауғанстан елдеріне жөнелтілді. 250 астам жабық вагон мен 1,2 мыңнан астам астық тасымалдаушы тартылды.  

Ақмола бөлімшесі жүк жөнелтушілердің өтінімдерін толық көлемде қамтамасыз етуде.