Қазан айында Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша 216 мың тоннадан астам биылғы астық тасымалданды, оның 84% (180 мың тоннадан астам) экспортқа шығарылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Астық Орталық Азия, Иран, ҚХР және Ауғанстан елдеріне тиелген.  Астықтың 16% астамы елдің оңтүстік аймақтарына жөнелтілді.  

Стратегиялық жүкті тиеу үшін 700 жуық вагон мен 2,9 мың астық тасушы тартылды.  Бөлімшеде жүк жөнелтушілердің бос вагондарға деген барлық өтінімдері толық көлемде қамтамасыз етілген. Тәулік бойы жедел астық топтары жұмыс істейді. Отырыстар күн сайын барлық қатысушылармен және әкімдік өкілдерімен өткізіледі. Жүк жөнелтушілер мен алушылардың астығын жөнелту бойынша туындайтын барлық мәселелер жедел тәртіппен шешіледі.