Қыркүйекте Қызылорда өңіріне 52 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

Жүк тасымалы
16.10.2024, 14:28
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жергілікті тұрғындардың қыс маусымында көмір отынына сұранысын қамтамасыз ету үшін аймақ теміржолшылары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жасап жатыр. Биылғы жылу маусымына қажетті 192,8 мың тонна қатты отынның қыркүйек айындағы есебі бойынша 52,1 мың тоннасы кестеге сәйкес жеткізіліп, аймақтағы отын қоймаларына түсірілген.  

Көмірдің жеткізілуі бөлімше мамандары мен мониторинг тобының күнделікті бақылауында. Қызылорда ЖТ бөлімшесі директорының логистика жөніндегі орынбасары Мейрамбек Шолтабаев аймақтағы отын қоймаларында көмір отынының жеткілікті екенін, тұтынушылар сұранысы толық қанағаттандырылып отырғанын атап өтті.  

– Аймақ тұрғындарының 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына қажетті деп белгіленген 192,8 мың тонна, оның ішінде 28,3 мың тоннасы коммуналды-тұрмыстық қажеттілікке, ал 164,5 мың тоннасы жергілікті тұрғындардың баспаналарын жылытуға керек қатты отын биыл мамыр айынан бастап тасымалданып жатыр. Қазіргі таңда аймақтағы барлық отын қоймаларында әр станцияның жергілікті тұрғындарына керекті көмір отыны кезексіз, кедергісіз беріліп жатыр. Отын қоймаларындағы көмірдің көлемі, оның тұтынушыларға түсіріліп, тиелуі бөлім мамандары мен мониторинг тобының бақылауында, – деді Қызылорда ЖТ бөлімшесі директорының логистика жөніндегі басшысы Мейрамбек Шолтабаев.

Бұған дейін көмірді пайдаланып келген аймақ тұтынушыларының көгілдір отын – газға көшірілуіне байланысты қатты отынға деген сұраныс біршама азайғаны байқалады. Мысалы былтырғы жылдың мамыр-кыркүйек айлары аймақ қоймаларына 37,6 мың тонна көмір түсірілген екен.  

Жалпы, аймақ бойынша 40 шақты көмір түсіретін кірме жол Сексеуіл, Арал теңізі, Қазалы, Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда және Белкөл станцияларында орналасқан. Ондағы отын қоймаларында көмірдің мол қоры бар. Қатты отын  «Шұбаркөл көмір», «Восток угольпром», «Жалын», «Қияқты көмір», «Майкубен», «Уголный ресурс» және «Богатырь көмір» секілді көмір кендерінен келісім бойынша желтоқсан айының соңына дейін тасымалданады.

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді