"KTZE - Khorgos Gateway" Құрғақ портында "KTZ Express" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) ұйымдастырған Алтынкөл – Жетіген – Алтынкөл бағыты бойынша контейнерлерді екі қабаттап тиеу арқылы жүктерді алғаш жөнелтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл технологияның басты артықшылығы - өткізу қабілеті мен ұтқырлығын көтеру арқылы тасымалдау тиімділігін арттыру. Контейнерлерді екі қабаттап тиеу бір рейсте көбірек жүк тасымалдауға мүмкіндік береді, бұл логистикалық шығындарды азайтуға және жеткізуді жеделдетуге көмектеседі.  

Жоба "KTZE-Khorgos Gateway" Құрғақ портының, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС және контейнерлерді екі қабаттап жүктеуге бейімделген жаңа үлгідегі вагондарды ұсынған "ЗИКСТО" АҚ қатысуымен "KTZ Express" АҚ сәтті жүзеге асырды.