Әзірбайжан халықаралық көлік дәліздерінде өз әлеуетін нығайтуда

Жүк тасымалы
22.01.2025, 10:37
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

Әзірбайжан экономикасын әртараптандыру бағыттарының бірі – елдің бірнеше халықаралық көлік дәліздерінің қиылысында орналасуы. Бұл дәліздердің негізгісі – Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі (ХКД). Елдің көлік инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту стратегиясына сәйкес, алдағы жылдары транзиттік тасымалдардың әлеуетін 2-4 есеге арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол тасымалдары

2024 жылы Әзірбайжан теміржолдары (ADY) арқылы 18,5 млн тонна жүк тасымалданған, оның ішінде транзиттік жүк – 7,3 млн тонна (2023 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп), ал импорттық тауарлар – 5,2 млн тонна (+10%). Шығыс – Батыс бағыты бойынша 3,2 млн тонна жүк тасымалданды, оның ішінде мұнай және мұнай өнімдері – 2,8 млн тоннадан астам (+11%).

2024 жылы ТХКБ арқылы Қытайдан 36 248 TEU көлеміндегі 358 контейнерлік пойыз жөнелтіліпті. Оның ішінде 146 пойыз (15 292 TEU) транзиттік жүктерді, ал 212 пойыз (20 956 TEU) импорттық жүктерді тасымалдады. 2025 жылы Қытайдан Әзірбайжанға және одан әрі Еуропа елдеріне бағытталған контейнерлік пойыздар саны 1000-ға дейін өседі деп күтілуде. 2024 жылдың мамыр айында ТХКБ құрамына кіретін Баку – Тбилиси – Карс желісінің Грузия аумағындағы учаскесін жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұл желінің өткізу қабілеті жылына 5 млн тоннаға дейін артқан. 2024 жылдың қараша айында ТХКБ арқылы Бакуден Сианьға (Қытай) мұнай коксы тиелген алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді.

«Солтүстік – Оңтүстік» ХКД-ның батыс тармағы

Транзиттік тасымалдардың перспективалы бағыты – Ресеймен шекарадағы Самур және Иранмен шекарадағы Астара станциялары арқылы өтетін «Солтүстік – Оңтүстік» ХКД-ның батыс тармағы. 2024 жылы осы бағыт бойынша 814 мың тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға көп. ХКД-ның Әзірбайжан аумағындағы Сумгаит – Ялама учаскесін жаңғырту жоспарлануда. Бұл мақсатқа Азия Даму Банкі 131,5 млн АҚШ доллары көлемінде несие бөлді.

Сондай-ақ, Әзірбайжандағы Астара жүк терминалын кешенді қайта жаңарту аяқталды, бұл шекара өткелінің өткізу қабілетін 10-15%-ға арттырды. Ирандағы 35 гектарлық бірдей терминалдағы жұмыстар жалғасуда, оны 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Екі терминал да ADY-ның еншілес кәсіпорны – «Оңтүстік жүк терминалы» компаниясының басқаруында.

Ирандағы Астара – Решт учаскесінің іске қосылуы ХКД-ның батыс тармағының өткізу қабілетін едәуір арттырады және Парсы шығанағы порттарымен тікелей теміржол байланысын қамтамасыз етеді. Халықаралық көлік дәліздерін, соның ішінде «Солтүстік – Оңтүстік» ХКД-ны дамыту бойынша ынтымақтастықты жандандыру туралы шешімдер Ресей мен Иран арасындағы 2025 жылдың қаңтарында Мәскеуде қол қойылған жан-жақты стратегиялық әріптестік келісімінде бекітілген.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды