Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымал көлемі 32 млн тоннаға жетті

Жүк тасымалы
31.01.2025, 08:45
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымал көлемі жылдан жылға өсіп келеді. ҚТЖ жедел штабының өкілі Мұнар Айтжановтың мәлімдеуінше өткен жылы ол 32 млн тоннаны құрап, 2023 жылдан 13 пайызға артқан. Аталған жылы Қытайға 20 млн тонна жүк жөнелтіліп, 12 млн тоннасы қабылданған еді. Былтыр контейнерлік тасымал көлемі 1,7 млн ЖФЭ болып, 16 пайызға артты.

Соңғы 5 жылда ҚТЖ-да жүк көлемі 1,5 есе немесе 10,5 млн тоннаға өскен. Соның ішінде Қытайға бағытталған жүк тасымалы 6 млн тоннаға немесе 43 пайызға, ал ол елден келген жүк 4,5 млн тонна немесе 58 пайызға көбейді. 2020 жылдан бері контейнерлік тасымал көлемі 70 пайыз артып, 718 мың ЖФЭ құраған. Сол сияқты ҚХР-дан келетін контейнерлік жүк те 54 пайызға артып, 378 мың ЖФЭ құрағаны белгілі.  

– Біздің елдеріміз арасындағы жүк айналымының өсуі Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығаюымен тікелей байланысты, бұл бірінші кезекте өзара сауданы дамыту үшін экономикалық ынтымақтастықты тереңдету есебінен және соның нәтижесінде тауар алмасу өскенін білдіреді. Қазақстан темір жолы «Бір жол, бір белдеу» жобасын іске асыруға белсенді қатысады. Өткен жылы Каспий теңізі арқылы Еуропа мен Таяу Шығысты байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тасымалдың өсуі байқалды. Осылайша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 20 есе өсім тіркелді. Жүк тасымалдау саласында темір жол және терминалдық инфрақұрылымды қатарынан дамыту маңызды рөл атқарады, бұл жыл сайын тасымалдау көлемін сенімді түрде арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан, Қытай, сондай-ақ Ресей мен Еуропа аумақтарында көліктік логистикалық кешендерді дамыту жөніндегі бірлескен инвестициялық жобалар жүк айналымын ұлғайтуда, сондай-ақ жүктерді жеткізу сапасы мен жылдамдығын арттыруда маңызды рөл атқарады, – дейді М. Айтжанов.

ҚХР-ға берілетін жүктердің негізгі үлесін 7,7 млн тонна металл кендері құрайды, одан кейін 6,2 млн тонна контейнерлердегі жүктер, бұдан әрі жоғары өңдеу дәрежесі бар өнімдер – 1,8 млн тонна түсті және қара металдар, 300 мың тонна мұнай өңдеу өнімдері (кокс), 100 мың тонна химиялық жүктер құрайды. 2024 жылы 3,3 млн тоннадан астам астық жүктері экспортталды – бұл 1,8 млн тонна астық және 1,5 млн тонна астықты қайта өңдеу өнімдері.  

Қытайдан контейнерлермен жөнелтілетін 10,5 млн тонна жүктің құрамында халық тұтынатын тауарлар, электроника, тұрмыстық техника бар. Сонымен қатар аспанасты елінен 500 мың тонна қара металл, 400 мың тонна химиялық жүктер, 150 мың тонна азық-түлік, 170 мың тонна құрылыс заттары жеткізілген. Жыл сайын автомобиль мен оларға қосалқы бөлшек дөңгелектер жеткізу көлемі де артуда.  

– Өткен аптада ҚТЖ мен Үрімші темір жолы арасында екіжақты кездесу өтіп, онда былтырғы жұмыс- тар қорытындыланып, биылғы жоспар сөз болды. Осы жылы жүк тасымалын 1 млн тоннаға, яғни 3 пайызға өсіру межеленіп отыр. Биыл Достық – Мойынты телімінде екінші жолдар құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл Достық – Алашаңқай шекара өткелі бойынша пойыздар алмасуын екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Достық станциясын жаңғырту, кең шанақты 5 жолдан тұратын қосымша парк салу, жүк қабылдап-жөнелтетін паркте кең және тар шанақты қосымша 2 жол төсеу көзделуде, – деп мәлімдеді М.Айтжанов.  

Айтуынша, мұның бәрі – Қазақстан мен Қытай темір жолдарының үйлесімді жұмысының нәтижесі. Шекара маңы станцияларының дамуымен бірге сенім мен өзара түсіністікке негізделген көп жылдық ынтымақтастық алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізіп, белгіленген жоспарды жүзеге асыруға септік етеді.  

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі