Атырау жүк тасымалында табыс артты

Жүк тасымалы
04.02.2025, 09:12
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі көліктік логистика жүйесін одан әрі дамытып, жүк тасымалы көлемін арттыру, көлік қызметін пайдаланушылармен тиімді қарым-қатынас жасауды жақсартуға барынша күш салуда. Осы бағытта өңірде өнікті еңбек етіп, қазақ мұнайын еселеп өндіріп-өңдеп жатқан «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «НКОК», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» сынды ірі кәсіпорындармен қатар, тасымалдаушы «КеденТрансСервис», «ҚазТемірТранс», «ҚазТрансСервис», басқа да мекеме-филиалдармен байланысты нығайта түсуде.

Экономиканың дамуына серпін беретін саланың бірі – әрине көліктік логистика. Бөлімше бастығының логистика жөніндегі орынбасары Бекәділ Сауровтың айтуынша, көліктік логистика жүйесін дамыту ісінде ілгерілеушілік байқалады. 2024 жылдың 12 айында жүк тасымалында қауіпсіздік сақталған, яғни тиеліп жөнелтілген жүктерге қауіп төніп, қатер келтіру жағдайы болмаған. Жүктерді тәуліктік тиеу көлемі Директорлар кеңесімен бекітілген жоспарда 623/227894 вагон болса, нақты тиелгені – 645/236118 вагон. Жоспар 103,9% пайызға орындалып, тәулігіне 22 вагонға артты, ол 2023 жылмен салыстырғанда 105,4% пайызға орындалып, 33 вагонға артқан.  

Тасымал ағынын қадағалау барысында Мақат станциясы бойынша коммерциялық ақаулықтармен 68 вагон ағытылған, өйткені олар халықаралық жүк тасымалы келісімінің 3 қосымшасын бұзу арқылы тиелген екен. Мұндай вагондар былтырғы жылмен салыстырғанда 27 вагонға көбейген. Тасымал барысында апатты жүктер де кездеседі. Былтыр сондай 8 вагон ағытылған. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Атырау бөлімшесі филиалында қауіпті жүктер ағынының алдын алу мақсатында өткен жылғы 28 ақпанда бекітілген арнайы іс-шара әзірленіп, жоспарға сай 53 тексеріс жүргізілген, нәтижесінде 238 вагон ағытылған.

Ал мемлекетаралық вагондар бойынша Ақсарай-2 түйіспесінен 2789 пойыз, 192 791 вагон қабылданып, 2804 пойыз, 185 720 вагон тапсырылған. Сонымен қатар барлығы 268 вагон коммерциялық ақаулықпен қабылданбаған, оның ішінде жүк салмағы сәйкес келмеуі – 124, арбаша айырмашылығы – 62, салмақтан артық болу – 11, пломба сайкес келмеу – 3, өзге ақаулық – 68. Айта кетерлігі, қазақстандық мамандар, яғни тауар кассирлері, жүк қабылдап-жөнелтушілер, ЭВМ операторлары Ресейге қарасты осы Ақсарай станциясында ауысыммен жұмыс жасайды. Олардың міндеті – транзитті жүктердің құжаттарын өңдеп, тапсыру, ал Қазақстанға өтетін жүктерді қабылдап алу. Ол жұмысшыларға жұмысқа қатынау үшін арнайы бір жолаушылар вагоны бөлініп отыр, таңертең, түсте, кешке әрлі-берлі қызмет орнына баратын және ауысымнан шыққан жұмысшыларды бір тепловоз тасымалдайды.  

Бүгінде Атырау өңірі өндірісті аймақ болып отырғаны рас. Бірнеше индустриалды-инновациялық жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың аймақта көлік логистикасын дамытуға әсері мол. Мәселен, Біріктірілген Газхимиялық кешен. Теңіз кенішінен зауытқа газ жеткізу үшін тәулігіне 60 цистерна мен 20 тонналық 70 контейнер және 40 фитингілік платформа қажет. Екіншіден, Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа өнім – параксилол шығарады, оны Ресей мен Белоруссияға жөнелту үшін тәулігіне 20 футтық 110 контейнер қажет. Атырау мұнай өңдеу зауыты қайта жаңартудан өткеннен кейін бензол, автобензин, дизотын, реактивті отын шығару көлемін арттыруына орай Ақжайық станциясы арқылы жылына 50 мыңдай ашық түсті цистерналар пайдаланылады. Содан соң Қашаған кен орны жұмысына байланысты Қарабатан станциясынан 60 жартылай вагондар мен 40 футтық контейнерлер экспортқа жіберіледі. Жалпы айтқанда, аймақта темір жол арқылы тасымал тасқыны алда да арта түспек, себебі мұнай өнімінің көлемі ұлғаюда. Ал былтырғы жылы бөлімше бойынша тасымалдаудың негізгі қызметінен түскен табыс 77 млрд 675 млн 501 мың 976 теңгені құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,9% артық.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды