Кәсіптік білім – табысты болашақтың кілті

Жүк тасымалы
18.02.2025, 10:28
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ҚТЖ компаниясында теміржол көлігі мамандығын дәріптеу, беделін арттыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Өткен аптада «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Теміржол көлігіндегі персоналды бағалау және дамыту орталығы» филиалы базасында «KAZLOGISTICS» көлікшілер одағы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «Кәсіптік білім – табысты болашақтың кілті» атты дөңгелек үстел өтті.  

«KAZLOGISTICS» көлікшілер одағы Қазақстан экономикасында негізгі рөл атқаратын 550 көлік және логистикалық компанияны біріктіреді. Бұл компанияларда білікті мамандар жетіспеушілігі және кадр дайындау жүйесін жаңғырту қажеттілігі жоқ емес. Аталған дөңгелек үстелге қатысушылар осы мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыстар жүргізіп, кәсіби білім беру жолдарын қайта қарастыру, бизнес пен оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты арттыру қажеттігін көтерді. Жиынға қатысушылар бизнес, білім беру ұйымдары және мемлекеттік құрылымның бірлесе күш жұмсауы білікті техникалық кадрлар дайындауда сапалы жүйені құруға септік етеріне сенім білдірді.  

Жиын барысында Теміржол көлігіндегі персоналды бағалау және дамыту орталығының еліміз бойынша мыңдаған теміржолшы мамандардың біліктілігін арттырып, салаға сапалы кадрлар дайындаудағы рөлі сөз болды.  

– Негізгі бағытымыз – барлық теміржол мамандықтары бойынша кәсіби дайындау және қайта дайындау. Цифрлық технологияларды қолдана отырып күндізгі және қашықтан оқыту курстары біздің жүйемізді теміржолшылар үшін ыңғайлы, икемді ете түседі. Мұнда үздік оқытушылар, өндірістік оқыту бойынша тәжірибелі шеберлер, сала сарапшылары дәріс оқиды. Жыл сайын 23 мыңнан астам мамандарды оқытамыз.

Орталық 16 оқу сыныбынан, 11 заманауи зертханадан, 1 оқу полигонынан, 1 жатақханадан тұрады. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Тараз қалаларында филиалдарымыз бар. Оларда 87 оқу сыныптары, 10 зертхана, 4 оқу полигоны және 4 жатақхана жұмыс істейді. Барлығы 120 түрлі мамандық, 231 оқу бағдарламасы бойынша білім береміз. Теміржол көлігі мамандарын осы бағытта оқытып келе жатқанымызға 20 жылдан асты. Нарық талабына сай оқу әдістемесін үнемі жаңартып отырамыз, – деді аталған орталық директоры Оқас Сапаров. Іс-шараға орталық директорының орынбасары Ирина Капанова модераторлық етті.

«KAZLOGISTICS» көлікшілер одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетов тасымал сенімділігі мен көлемін арттыру, қауіпсіздікті нығайту үшін кадр сапасын үнемі жақсартып отыруда мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, кезінде аталған орталықтың теміржолшылардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін құрылғанын еске алды. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ HR директоры Әлихан Қыраубаев еңбек өнімділігі қызметкерлердің қаншалықты білімді және жұмысқа ынталы екендігіне байланысты болатынын тілге тиек ете келе, тәжірибе көрсеткендей, білікті кадрлар тек күнделікті жұмыстағы талаптарды, ережелерді, нұсқаулықтарды мүлтіксіз орындап қана қоймай, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл және дұрыс шешім қабылдай алатынын алға тартты. Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Мұрат Мусин аталған орталықтың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыруда негізгі рөл атқаратынын атап өтті. Мұнда тек теміржолшылар ғана емес, Көліктегі полиция қызметкерлері де оқып, біліктілігін арттыруы орталықта білім беру сапасының жоғары екенін айғақтайды.  

Жиын соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «KAZLOGISTICS» КО арасында кәсіби білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы Меморандумға қол қойылды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды