Әйелдер қауымы қысқы бақта бас қосты

Жүк тасымалы
12.03.2025, 13:31
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Арулар мерекесі қарсаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Әйелдер кеңесі арнайы марапаттау іс-шарасын өткізді. Кеңестің екінші отырысына жиналған серіктестіктің қыз-келіншектері ҚТЖ бас ғимаратындағы Қысқы бақта бас қосты. 

 

Әйелдер қауымына серіктестіктің бас директоры Владимир Петров, бас директордың локомотив шаруашылығы бойынша орынбасары Асан Үмбетов, бас директордың корпоративтік мәселелер бойынша орынбасары Марал Марасилов ақ тілектерін арнап, құттықтау сөз сөйледі. Олар биылғы жылды Президент Қ.Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай өзінің адал қызметі, кәсібилігі мен еңбекқорлығының арқасында жетістіктерге жетіп жүрген әйелдер қауымын марапаттауды лайық көргендерін жеткізіп, бірқатар теміржолшы әйелдер мен сала ардагерлері Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды. 

Олардың қатарында Астана локомотив пайдалану депосының зейнеткері, 43 жыл салаға еңбегі сіңген Людмила Красноштанова, осы депода 27 жыл еңбек еткен Шарбүбі Қуанышбаева, Ақмола бөлімшесінде 39 жыл еңбек еткен зейнеткер, Құрметті теміржолшы Күләш Абдулина сынды майталмандар бар. Сонымен қатар қазіргі таңда теміржолдың дамуы жолында табанды еңбек етіп, ер азаматтармен қатар жөндеуші, слесарь сынды ауыр да жауапты жұмыстарды атқарып жүрген нәзік жандар да болды. Солардың бірі – Екібастұз локомотив пайдалану депосында локомотивтерді жөндеу және қарау бойынша слесарь болып еңбек ететін Алмагүл Нұрмахина Құрмет грамотасына ие болды.  

– 1994 жылдан бері осы жұмысты атқарып келемін, яғни биыл еңбек өтіліме 31 жыл болады. Менің міндетіме электровоздың дөңгелек жұптарын майлау кіреді. Бұл – өте жауапты жұмыс. Себебі дөңгелек жұптар майланбаса, вагондар рельс үстінде жүре алмайды. Оның өзінің майлау көлемі, есебі, реті болады. Соның бәрін талаптарға сай істегенде ғана қауіпсіздікке нұқсан келмейді. Отбасымда ұлым және інім теміржолда істейді. Жұмысқа да, үйге де үлгеру үшін еңбекқор болу аз, ширақтық қажет әрі өз жұмысыңды жақсы меңгеруің керек. Ал үйде әйелсің, анасың, отбасыңның жағдайын жасай білу – парыз. «Әйелдің қырық жаны бар» деп бекер айтқан ба, біз сондай бесаспап жандармыз, – деп күлді Алмагүл.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды