Теміржолмен жүк тасымалдау екі айда 6,6%-ға өсті

Жүк тасымалы / Апта саны
31.03.2025, 10:54
Оқуға 1 мин

2025 жылдың екі айында ҚТЖ желісі бойынша 42,4 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 6,6% артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Республика ішінде тиеу көлемі қаңтар-ақпан айларында 2%-ға ұлғайып, 26,8 млн тоннаны құрады. Экспортқа теміржол көлігімен 15,6 млн тоннадан астам жүк жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% көп.  

Негізгі жүк ағындарының ішінде тас көмір тасымалының 4,7%, яғни  18,2 млн тоннаға дейін өсуі байқалды, оның 13 млн тоннасы ішкі нарыққа бағытталды. Астық тасымалы 42,5%, яғни 2,4 млн тоннадан астамға ұлғайды. Астық экспорты 44,5% өсіп, 1,9 млн тоннаға жетті.  

2025 жылдың екі айының қорытындысы бойынша мұнай жүктерін тиеу – 3%, 3,2 млн тоннаға дейін, қара металдарды тиеу – 14,3%, 700 мың тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштарды тиеу-16,5%, 816 мың тоннаға дейін, темір кені мен марганец тиеу  –  4%, 3,2 млн тоннаға дейін және құрылыс жүктерін тиеу – 7,9%, 1,6 млн тоннаға дейін артып отыр.  

ҚТЖ ішкі нарық үшін де, экспорттық жеткізілімдер үшін де сенімді логистиканы қамтамасыз ете отырып, жүк тасымалдарының тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды