Транскаспий бағытының дамуы контейнерлік тасымалдың күрт өсуіне әкелді

Жүк тасымалы
24.04.2025, 10:27
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

Транскаспий көлік дәлізінің дамуы Қазақстанның контейнерлік тасымал көлемінің бірнеше есеге артуына ықпал ететін негізгі факторға айналды. Бұл туралы «KTZ Express» АҚ бас директорының орынбасары Айбек Қапар ESE ASIA-2025 II Халықаралық көлік форумы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылы осы бағытпен жүретін контейнерлік пойыздар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда рекордтық өсім көрсетті: 2023 жылы 11 пойыз болса, 2024 жылы олардың саны 358-ге жеткен. Бұл көрсеткіш 303 есе артқанын білдіреді.

«Бұл — біз теңіз бөлігінен өзімізге тартып алып, шоғырландырған көлемдер. Негізінен импорттар (Әзірбайжан, Грузия, Түркия). Нақтырақ айтсақ, бұл көлемнің шамамен 60%-ы – Әзірбайжан импорты. Бұрын бұл тасымалдар теңіз арқылы жүзеге асырылатын», – деп атап өтті А. Қапар.

Сондай-ақ ол қазіргі кезде, әсіресе Қытай бағытында тасымал көлемінің жеткіліксіздігі сезілетінін айтты. Бастапқыда наурыз – сәуір айларында өсім болады деп күтілгенімен, әзірге бұл болжам орындалмаған.

«Қазіргі таңда көлемдер толық қалпына келмеді. 2024 жылы барлық транзиттік бағыттар бойынша өсім болды – 1 млн 395 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент), бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Биыл бұл көрсеткіш төмендеп келеді, дегенмен біз көлемнің артуын күтіп отырмыз. Бастапқыда өсімді наурыз – сәуір айларында күткен едік, алайда қазіргі күні ол қалпына келген жоқ. Сондықтан енді мамыр айында артады деп үміттенеміз. Біз көлемнің төмендеуін Транскаспий бағыты бойынша да байқап отырмыз. Қаңтарда жақсы көрсеткіш болды – 56 пойыз, наурызда – 16, ал сәуірде – 10», – деп толықтырды А. Қапар.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды