Елімізде көлік логистикасы саласына қызығушы жастар саны көбейді

Жүк тасымалы
06.10.2025, 09:23
Суретті түсірген Қуаныш Қожаев

Қазақстанда соңғы жылдары көлік логистикасы саласына қызығушы жастар саны көбейді, , деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 24kz-ке сілтеме жасап.

«Арнайы академиялар мен иституттардың ашылуы елдегі мамандыққа деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді», - дейді халықаралық сарапшылар. Орталық Азия көлік-логистика бірлестігінің дерегінше, қазір аймақта «логист» мамандары тапшы. Ал Қазақстанның жоғары оқу орындарын тәмамдаған студенттер Орталық Азиядағы сұранысты өтеуі мүмкін.  

Қазақстан арқылы өтетін керуен легі жыл санап артып келеді.  Ал халықаралық Транскаспий көлік бағыты елге ғана емес, Орталық Азия үшін үлкен олжалы жоба болды. Көрші мемлекеттер тауарларын Кәрі құрлыққа жеткізуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде елге инвестиция тартылып, капитал көлемі артты.  

- Орталық Азияда көлік логстикасына басымдық беріліп жатыр. Көрші мемлекеттер жүк тасымалын өрістету үшін дәліздерді ашуға мүдделі. Саланы цифрландыру бойынша да біраз жұмыстар атқарылуда. Өзбекстан басқа да дәліздер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Еуропа нарығына шығу көзделген, - дейді Өзбекстанның дамушы стратегия орталығының атқарушы директоры Эльдор Туяков.  

Қазақстанның логистикалық мүмкіндігі артқан сайын мамандыққа деген сұраныстың өсуі заңдылық. Осы ретте жастардың салаға қызығушылық танытуы байқалады. Орталық Азиядағы көлік  логистикалық бірлестігінің дерегінше жаңадан ашылған академиялар мен институттар Қазақстанға ғана емес, күллі аймаққа логист мамандардың жаңа буынын дайындап жатыр. Олар цифрлық саланы меңгерген, заманауи технологияның тілін білетін кәсіп иесі болмақ.  

- Қазақстан логистикалық инфрақұрылымға ерекше ден қойып жатыр. Себебі оның пайдасы көл-көсір екенін түсінді. Болашақта бұл сала тіпті экономиканың қозғаушы күшіне айналуы ғажап емес. Қазақстанда логистика мамандығы бойынша академиялар мен институттар ашылып жатыр. Жастардың салаға деген қызығушылығы жоғары, - дейді Орталық Азиядағы көлік-логистикалық бірлестігі төрағасының орынбасары Наталья Андриевская.  

Орталық Азия мемлекеттері логистикалық дәліздерді көптеп ашуға күш салып жатыр. Қытайдан Қырғызстан, Өзбекстан арқылы Түрікменстанды басып өтіп, Ауғанстанға шығатын темір жол жобасы қолға алынды. Бір кездері жабық болған мемлекеттер экономиканы алыс-беріссіз, барыс-келіссіз дамыту мүмкін емес екенін енді түсінгендей.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты