Аустрия әлеуетті әріптеске айналады

Жүк тасымалы
02.12.2025, 09:12
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инновациялық орталығында Австрия Парламенті Ұлттық кеңесінің екінші президенті Хаубнер мырза бастаған делегациямен кездесу өтті. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту перспективаларын, өзара логистикалық іс-қимыл және Қазақстан мен Аустрияның теміржол компаниялары арасындағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.

– Қазақстан негізгі көлік магистральдарының қиылысындағы дәліз ретінде Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық мультимодальды позицияны қамтамасыз етіп қана қоймай, одан әрі халықаралық логистикалық бағыттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ағымдағы сыртқы үрдістерге байланысты біз Шығыс-Батыс бағыты бойынша да, Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша да жаңа жүк ағындарын іске қосамыз. Бұл тұрғыда Орта дәліз Каспий теңізі арқылы Қытай мен Қазақстан арасында көліктік қызмет көрсетуді дамытудың басты бастамасы болып табылады. Кешенді жоба теміржол, автомобиль және теңіз бағыттарын қамтиды. Басым бағыттар бойынша көлік инфрақұрылымы жылдам және сенімді тасымалдауды қамтамасыз етеді. Қазірдің өзінде осы дәліз арқылы тасымалдау көлемі екі есе өсті, ал жеткізу уақыты екі есеге жуық қысқарды. Жоба барысында Еуропалық одақпен ынтымақтастықтың үйлестіру платформасы құрылды. Орта дәліз бойынша тасымалдау көлемі оң серпінді көрсетіп отыр, мәселен өткен жылы контейнерлік транзит екі есеге ұлғайды, ал өткен 10 айда транзиттің өсуі 12%-ды құрады, – деді кездесуде сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов.

Ол сондай-ақ ҚТЖ компаниясы ұлттық көлік-логистикалық оператор ретінде теміржол инфрақұрылымын ғана емес, жылжымалы құрамды да жаңартып жатқанын, сонымен қатар Орта дәліз бағытында теңіз флотын нығайтуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Тереңдету жұмыстары аясында Каспий теңізінде тасымалдау көлемін 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланса, бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Каспийде пайдалану және бірыңғай дәліз бойынша жүк ағындарын қамтамасыз ету үшін 6 кеме сатып алуда.  

Транскаспий халықаралық көлік бағдары жылдан жылға маңызды стратегиялық мәнге ие болуда. Бүгінгі таңда Қытайдан Орта дәліз бойынша 292 контейнерлік пойыз жөнелтілген. Қазақстанның жүк терминалын пайдалана отырып Қытайдың Сиань портында Орталық Азия, Ресей, Закавказье және Еуропа бағыттарында жеделдетілген контейнерлік сервис ұйымдастырылған. PSA компаниясымен бірлесіп «Цифрлық дәліз» бағдарламасы іске қосылды. Алматы қаласында және Ақтау портында жаңа терминалдар жұмыс істей бастады. Әлемдік жетекші компаниялармен ынтымақтастықта ҚТЖ цифрландырудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда.  

– Қазақстанның жаһандық жүк ағындарының пайда болуы мен тұтынуының негізгі нүктелерінде болуы, теміржол әкімшіліктерімен және ірі шетелдік әріптестермен тиімді өзара іс-қимыл жасау, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу экономиканың өсуіне және Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы жетекші көліктік-логистикалық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал етеді. Біз өзіміздің терминалдық инфрақұрылымды кеңейтудеміз, бұл бағытта біз ÖBB-Holding AG компаниясымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отырмыз, – деді ҚТЖ компаниясы басшысы.  

Кездесу аясында өңірдің көлік және инфрақұрылымдық жобаларына мүдделі жетекші австриялық компаниялар презентация өткізді. Бұдан кейін ҚТЖ-ның еншілес компаниясы KTZ Express пен Rail Cargo Austria арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат Орталық және Шығыс Еуропада ÖBB-Holding AG терминалдық инфрақұрылымын бірлесіп пайдалану, ТХКБ бойынша интермодальдық тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ өңірде жаңа терминалдар салу жөніндегі әлеуетті жобаларды қоса алғанда, терминалдық қуаттарды бірлесіп дамыту перспективаларын қарауға бағытталған.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды