Семейде жүк айналымында өсім жоғары

Жүк тасымалы
16.12.2025, 12:35
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар биылғы Тәуелсіздік күні мерекесін жүк тасымалы бойынша толағай табыспен қарсы алып отыр. Жыл басындағы белгіленген жоспарлы жұмыстар мен осыған дейінгі атқарылған өндірістік процестер, жүк айналымын реттеудегі жаңашыл іс-шаралар оң нәтижесін беруде.

Атап айтсақ, өткен он бір айдың қорытындысы бойынша Семей ЖТ бөлімшесіндегі жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама өсіп, 9 178,0 млн тонна-км таза жүкті құрады. Тиеу көлемі 16 064,0 мың тоннаға жетті. Бұл жайт өз кезегінде тасымалдау бағыттарының кеңеюіне, соның ішінде Орталық Азия елдеріне астық пен азық-түлік жүктерін жөнелту есебінен орын алыпты. Тиелген жүк ішінде әсіресе дәнді дақылдардың, құрылыс материалдары мен ағаш өнімдерінің үлесі айтарлықтай мол екен.  

Аталмыш мерзім ішіндегі жүк тиеу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 252,3 мың тоннаға артып отыр. Сонымен қатар өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда түсті металл тиеу 234,5 мың тоннаға, темір кенін тиеу 23,5 мың тоннаға, өнеркәсіптік шикізатты тиеу 111,3 мың тоннаға, құрылыс материалдарын тиеу 107,2 мың тоннаға, цемент 83,6 мың тоннаға жоғарылаған. Бұл жүктерді кедергісіз тасымалдаудың маңызы зор. Себебі аймағымыздағы ғана емес, ел көлеміндегі кәсіпорындар, өңдеу нысандарының және құрылыстардың үздіксіз жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету қажет.  

Көмір – әлі де бөлімше бойынша тасымалданатын жүктердің ең негізгісі болып саналады. Ағымдағы кезеңде барлығы 5 429 500 тонна қатты отын тасымалданды. Оның 4 833 300 тоннасы ішкі тұтынушыларға жеткізілген екен. Ал 930 600 тоннасы Қазақстанның көптеген аймақтарындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жөнелтіліпті. Сол тәрізді 596 200 тонна жоғары сұрыпты көмір өзге елдерге экспортталды.  

– Алдағы жылыту маусымына дайындық жыл сайын мамыр айында басталатыны белгілі. Бұл ретте басты әріптес, жүк жөнелтуші «Қаражыра» АҚ-ның бөлімшеге көмір тиеуге арналған бос жылжымалы құрамдарды дер кезінде жеткізу туралы «Қазтеміртранс» АҚ-мен бірлесіп жасаған өтініштері уақытылы және толық көлемде орындалуда. Жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының және жүк вагондары иелерінің үйлестірілген іс-шараларының нәтижесінде жылыту маусымының басына дейін жылу орталықтарында отынның минималды қоры жасалды. Ол бүкіл жылыту маусымы бойы сақталады. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы барлық көмір қоймаларында тұрғындарға көмір сату ісі кезексіз және қарбалассыз жүріп жатыр, – дейді бұл ретте жағдайды бақылауда ұстап отырған Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Алмас Сейсемқанов.  

Көмір қорының мол болуы және кезексіз саудалануы тіпті қатты отынның бөлшек саудадағы бағасының төмендеуіне де алып келген. Жалпы, қазіргі таңда көмір тасымалында шығыстағы екі облыста да клиенттер тарапынан шағым жоқ.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады