2025 жылы Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелі арқылы Қазақстан мен ҚХР арасында 16,1 млн тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл Темір жолдары ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) шеңберінде келісілген жоспардан 9%  артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚХР-ға экспорт 5,3 млн тоннаны құрады, бұл жоспардан 20% жоғары. Контейнерлік тасымалдар ерекше үлес қосты – өткелден Еуропаға, Ресейге және Орталық Азия елдеріне 3 589 пойыз өтті.

Жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы өткел жұмысының тиімділігін растайды және Қазақстан мен ҚХР арасындағы көліктік ынтымақтастықты нығайтады.