Ел шығысында көмір тасымалы қайта жанданды

Жүк тасымалы
15.01.2026, 10:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысы бойынша соңғы апталар ішінде қатты отынға сұраныс артты. Соған орай семейлік теміржолшылар қыс түскелі сәл саябырсып қалған көмір тиеу мен жеткізу ісіне басымдық беріп отыр.    

Көмір – Семей ЖТ бөлімшесіндегі тасымалданатын жүктердің ең негізгісі және ол кез келген маусымда тоқтаусыз жүреді. Өткен жыл қорытындысы бойынша бөлімшеде көмір тасымалы жоспарға сай көлемде толық орындалып, жалпы көлемі 6 млн тоннадан астам қатты отын тасымалданды. Оның 4 833 300 тоннадан астамы ішкі тұтынушыларға жеткізілген. Ал қалғаны байтақ еліміздің өзге аймақтарындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жөнелтілген. Сол тәрізді жоғары сұрыпты «Д» маркалы көмірді өзге елдерге экспорттауда да  көрсеткіш көз қуантарлық.    

– Жалпы биылғы 2025-2026 жылғы жылу беру маусымына дайындық өткен жаздың басында басталған болатын. Әуелгі кезекте негізгі әріптес, жүк жөнелтуші «Қаражыра» АҚ-ның бөлімшеге көмір тиеуге арналған бос жылжымалы құрамдарды дер кезінде жеткізу туралы «Қазтеміртранс» АҚ-мен бірлесіп жасаған келісімі әлі де өз күшінде. Соның нәтижесінде көмір тиеу мен жөнелту жоспарға сай және толық көлемде орындалуда. Өткен жылдарға қарағанда жалпы көрсеткіштеріміз жақсы. Жүк айналымында да оң өсім бар. Контейнерлік тасымал артып келеді. Сонымен бірге әлбетте жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының және жүк вагондары иелерімен арадағы тиімді жұмыстардың негізінде биылғы жылыту маусымы басталғанға дейін-ақ аймақтағы жылу орталықтарында отынның минималды қоры жасалған болатын. Көмірмен қамту бүкіл жылыту маусымы бойы сақталады, – дейді бұл ретте Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Алмас Сейсемқанов.

Жалпы өткен тамыз айынан бастап күрт қарқын алған қатты отын тасымалы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Тасымал үдерісінің барлық сатысынан бастап көмір операторларының жұмысына дейін арнайы құрылған жұмыс тобының назарында тұр. Қазіргі күні ел шығысында аяз күшіне мінді. Бірер күнде жергілікті халық тілімен айтқанда «қыс шілдесі» басталады. Демек, аймақ бойынша қатты отынды тұтыну көлемі де күрт артып, қолда бар қор біршама сарқылып, сұраныс та арта түсуі қалыпты жағдай. Осыған сай теміржолшылар қауымына түсетін жүктеме де артып отыр. Көмір тиеу мен вагондарды сұрыптау жұмыстары жүргізілетін тораптық Дегелең, Жаңа-Семей, Семей сынды іргелі жүк станцияларындағы техникалық-өндірістік процестер қалыптасқан ахуалға байланысты күрделене түскен. Әйтсе де, семейлік қозғалысшылар «кез келген ахуалға тас-түйін дайын» екендерін сөзбен емес, іспен дәлелдеуде.    

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды